САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ ____ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры Г.АСерғазина орынбасары:Д.Ж.Таңсықбаева Г.К. Умирбекова « » ____ 2018ж « » ____ 2018 ж « » ____ 2018ж
Күрделігі жоғары химия есептерін шығару Қолданбалы курстың бағдарламасы
11 сынып
Мұғалімі : Шегирова Л.Б Облыс: Жамбыл Аудан : Сарысу Қала : Жаңатас Сынып : 11 «А»
Жаңатас қаласы
Мазмұны Білім жүйесінде жаңа типті мектептер дүниеге келіп, оқытудың мақсаты, міндеті және мазмүны қайта қаралуда. Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы өзгеріп, білім мазмұны көп нұсқалы сипат алып келеді. Білімнің тұрақты бөлігімен бірге өзгермелі қосымшасы енгізілді.
Аймақтық және жергілікті жердің мектептеріндегі мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалуда. Барлық мектептерге тән мазмұнның бір сарындылығы күшін жойды. Осыған орай химиялық білім берудің мемлекеттік стандарты қабылданды.
Бұл бағдарлама жаратылыстану-матиматикалық бағытында білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып оларды жаңа біліммен жаратылыстану ғылымының және техникалық салаларды таңдап кәсіби бағдар беруге арналған. Бағдарлама жасалғанда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясы және Орта және кәсіптік білім институты ұсынған «Оқулықтар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» атты нормативтик құжат басшылыққа алынды. Бағдарлама «Жаратылыстану » пәндерінің химия саласында оқушылардың білімін тереңдетуге, оқушының мүддесін, оқушылардың қабылетін қанағаттандыруға бағытталады. Оқу жоспарында оқушы компонентінің сағаттары жеке тұлғаға бағдарлануды қамтамасыз ететіндіктен сабақ кестесінде оқытылмайды.Арнайы курс оқушының мүддесін, оқушылардың қабілетін қанағаттандыруға бағытталады. Оқушының дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз етеді. Оқушылардың сұранысын қанағаттандырады. Жаратылыстану-матиматика бағытындағы сыныптарда теория мен ұғымдарды мейілінше тереңдете оқитындықтан химияның практикалық маңызына баса назар аударып, сәйкес мамандық беретін жоғары оқу орындарына даярлауға көп көңіл бөлінеді. Оқушылар оқып-үйренген тақырыбына қорытынды жасай білсе, өз ойын жүйелей алса, алдында тұрған мақсатты проблеманы байқап, оны шеше білсе, пәнішілік, пәнаралық байланысты таба білсе, ондай білім тиянақты болары сөзсіз. Тест тапсырмаларының негізгі бөлігін сандық есептер құрайтындықтан, солардың шығарылу жолдарын үйретуге көп көңіл бөлу керек. Сондықтан бағдарламада теориялық материалмен қоса типтік есептердің шығарылу жолдарына көп көңіл бөлінді.Сабақтың соңында оқушылар жаттығу жұмыстарын орындау арқылы материалды қандай деңгейде меңгергенін көрсетеді. Тест тапсырмалары өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыруда, білім мекемелерін бітірушілерді қорытынды аттестациялауда таптырмас құнды құрал.Тестілеуде бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар іс жүзінде жиі қолданылады. Оның жақсы жағына қарапайымдылығы және білім тексеруді автоматтандыруға ыңғайлылығы жатады. Ал теріс жақтарына дұрыс емес жауаптардың ойда жаталып қалу мүмкіндігі және дұрыс жауапты дөп тауып алу мүмкіндігі жатады. Ол үшін дұрыс емес жауаптар шын жауаптарға ұқсас болуы тиіс. Бір жауабы дұрыс тапсырмаларды тұжырымдаудың екі түрлі ұстанымдары бар, оның бірі тапсырмаға жауапты таңдап алу кезінде, екіншісі тапсырма мазмұнын жасау кезінде пайдаланылады. Тест тапсырмаларын орындауға көмектесу мақсатында осы көмекші құрал дайындалды . Курс бағдарламасы 7-тараудан тұрады ,34 сағатқа арналып жасалды .