Ә/Б отырысында: Келісемін : Бекітемін: қаралды :№ Бағдарлы оқыту жөніндегі Мектеп директоры



бет29/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#92855
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Оқушылар үшін.

  1. Қайтымды N2 + 3H2 → 2NH3 реакциясы тепе-теңдікке келген кездегі әр заттың концентрациясы мынадай;

[N2] = 0,01 моль/л
[H2] = 2 моль/л
[NH3] = 0,4 моль/л
Тепе-теңдік константасын және азот пен сутектің бастапқы концентрациясын табу керек.

  1. Тепе-теңдік күйге келген қайтымды N2 + 3H2 → 2NH3 + 92,4 кДж реакциясының күйіне концентрация, қысым және температура қалай әсер етеді?

  2. Қайтымды FeCl3 + 3KCNS → Fe(CNS)3 + 3KCl реакциясына тепе-теңдік күйде, реакцияға қатынасатын әр заттың концентрациясының өзгерісі қалай әсер етеді?

Электролиттер ерітінділері.
21, 22 - сабақ


Сабақтың мақсаты: Ерітіндідегі еріген заттың табиғатындағы ерекшелік, оған еріткіштің әсері, диссоциация үрдісінің қайтымдылығы химиялық тепе-теңдік заңдарына бағынатын қайтымды құбылыс екеніне түсініктеме беру арқылы зат құрылысының ерекшелігін ұғындыру.
Әдістемелі нұсқау: Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігін, коллигативтік қасиеттерін және электролиз құбылысын түсіндіру үшін Швед ғалымы Сванте Аррениус 1880 жылы “электролиттік диссоциация” теориясын ұсынды.
Диссоциация процесін сан жағынан сипаттау үшін диссоциация дәрежесі (α) диссоциация константасы (Кд) қолданылады.

Диссоциация процесіне әсер ететін факторлар.

  1. Еріген заттың табиғаты: ас тұзы сірке қышқылына қарағанда өте жақсы диссоциацияланады, қант суда жақсы ериді бірақ, мұнда қант диссоциацияланбайды.

  2. Еріткіштің табиғаты. Ерігіштің әсері оның диэлектрик тұрақтылығына (Е) байланысты. Кулон заңы бойынша әртүрлі зарядталған екі бөлшектің электростатикалық тартылыс күші (F) олардың зарядтарының шамасына

(q 1,q2), ара қашықтығына (r) ғана емес, сол зарядтар әрекеттесіп тұрған ортаның диэлектрлік тұрақтылығана да байланысты.


  1. Температураның әсері. Ле-Шателье принципіне сай болады, температура жоғарлаған сайын күшті электролиттердің диссоциация дәрежесі төмендейді, ал әлсіз электролитте 600С шамасында максимум байқалады.

  2. Ерітіндінің концентрациясы Ле-Шателье принципі бойынша артқан сайын диссоциация дәрежесі кемиді.

  3. Аттас ионның әсері Ле-Шателье принципі бойынша оны қосқанда диссоциация дәрежесі кеміп кетеді.

Есептер шығару.
1-Есеп Құмырсқа қышқылының 0,1М ерітіндісіндегі диссоциациялану дәрежесі α=0,012 (4,2%) Құмырсқа қышқылының диссоциация константасын анықтау керек.
Шешуі;

Диссоциация константасы :

Освальдтың сұйылту заңы бойынша


КD =
2- Есеп Циансутек қышқылының диссоциациялану константасының мәні бойынша КD (НСN) = 7,9·10-10 оның 0,01Н ерітіндісіндегі диссоциациялану дәрежесін табу.
Шешуі;
HCN– бір негізді қышқыл болғандықтан
CH = CM немесе 0,01Н = 0,01M
НСN- өте әлсіз қышқыл болғандықтан α < 1 яғни 1-α = 1
КD2С

бұдан α = 0,028%
3 -Есеп Күкіртсутек қышқылының 1 сатысы бойынша оның 0,1 ерітіндісіндегі диссоциациялану дәрежесін табу керек.
K(H2S)=1,1·10–7
Шешуі; H2S – өте әлсіз қышқыл болғандықтан
1–α = 1

олай болса , α =1,05%
4 -Есеп Хлорсутек қышқылының 0,05M ерітіндісіндегі диссоциациялану дәрежесін табу.
КD = (HCl) = 1,4·10-7
Шешуі; Мұнда <100
Сα2 + Кα –К =О

+]=α·С= 0,154·0,05=7,7·10-3моль/л




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет