Яғни психологиялық – медициналық-педагогикалық кеңестен (ПМПК) жолдама алған ата-ана ППТК-ға келіп кезекке тұрады. ППТК-да баланы, баланың жолдамасын тіркеуге алады. Егер бос орын болып жатқан жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың құжаттарын қабылдайды. ППТК мен ата-ананың (заңды өкілдерінің) арасындағы шарт жасалады.

ППТК-дан балаларды шығаруды меңгеруші ППТК-мен ата-ананың (заңды өкілдерінің) арасында айтылған шарт жағдайында немесе оның ППТК-ға келуіне бөгет жасайтын баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық тұжырым негізінде жүргізеді.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Астана қаласы білім басқармасы бекіткен оқу жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-дамыту сабақтары қазақ және орыс тілдерінде, жеке және топтық сабақ, кеңес беру түрінде жүргізіледі. Балаларға педагогикалық және психологиялық көмек тегін көрсетіледі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар бұл жерде күніне үш сағат жеке түзету бағдарламасынан өтеді. Сабақ ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты. Жеке сабақтар – 20-30 минут. Екіден бес жасқа дейінгі мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға арналған топтық сабақтар 35-40 минутты құрайды. Бұл мекемелерде педагог-психолог, логопед, дефектолог (олигофренолог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру, музыкалық ырғақ мамандары балалармен жұмыс жасайды. Әр маманның бөлмелері керегінше жабдықталған.