№16 Бақылау: Кемпірқосақты бақылау .
Мақсаты: Күз ерекшеліктерін түсіндіре отырып , жаңбырдан кейін аспанда әшкейленген кемпірқосақ шығатыны туралы түсінік беру. Түстерін ажыратып айту.
Еңбек: Біздің аула
Мақсаты: Ауладағы ағаш бұтақтарын жинау .Балаларды еңбексүйгіштікке баулу.
Жеке жұмыс: Жұмбақ:
Алдым да әр түрінен жібек жіптің ,
Аспанға әшекейлеп
Кесте тіктім.
(Кемпірқосақ)
Мақсаты: Түстерді ажырата білу. Балалардың ой –өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық». Мақсаты:Балаларды ептілікке , шапшаңдыққа үйрету.
Қимылдық ойын: . «Қимақ».
Ойын барысы: Бұл ойынды жіп керіп , сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта кішкентай ойыншықтар байлап қояды.Ойын көңілді болу үшін ойыншының көзін байлап қояды.Ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, «осы ойыншықтан барда қалағаныңды қиып ал»,-дейді.Ойыншы қиып алған ойыншығын алады.Егер бірінші рет қия алмаса , екінші рет әрекеттенуге болмайды.