Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетi
Механика-математика факультеті
БӨЖ №11
Тақырыбы: «Қазақстанда еңбек нарығын реттеу мәселелері»
Орындаған: Турсунбай А.А
Тобы: Статистика-21
Қабылдаған: Ауелбекова А.К
Нұр-Сұлтан 2022ж.
Еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен оны жалдаумен, яғни сату-сатып алумен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығында өзара екі жақ әсер етеді: жұмыс күшінің иелері - сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар.Мұнда еңбекті құндық бағалау жүзеге асады, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың айырбасы мен құрылымы қалыптасады. Ерекше атап өтетін нәрсе, мұнда сату - сатып алу объектісі жай тауар емес, ерекше тауар - адамның жұмыс күші, оның еңбекке деген қабілеті. Ол адамның табиғаты және арнайы білімі мен тәжірибе арқылы жинақталатын қасиеттерін сипаттайды, ал олар адамды белгілі бір еңбекті, нақты іс - әрекетті жүзеге асыруға қабілетті етеді. Нақты айтар болсақ, бұл тауар айырбасталатын нарық еңбек нарығы емес, «жұмыс күші нарығы» түсінігінің синонимі ретінде экономикалық әдебиеттерде жиі қолданылады.
Осыған орай, оған келесідей анықтама беруге болады:
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - адамның жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті айырбасталатын тауар нарығының ерекше түрі. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші, бір жағынан жұмыс күшінің иесі - сатушы мен екінші жағынан, жұмыс беруші - жұмыс күшін сатып алушы араларындағы қатынастарды сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы өндірістік ресурстардың басқа нарықтары-капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестиция нарығы, ақша нарығы, т.б. секілді ішкі жүйе болып табылады және нарық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады; ол ондағы процестерден, оның даму беталысы мен бағыттарынан бөлектенбейді. Еңбек нарығының жағдайы басқа нарықтардың жағдайымен, олардың жіктелу деңгейімен, барлық экономикалық жүйенің даму деңгейі мен тығыз байланысты. Еңбек нарығының шегі жұмыс күшіне жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы көлеміне тәуелді, яғни еңбек парығы субъектілерінің құрамына жұмыс іздеп жүргендер де, еңбек ақысы бар жұмыспен қамтылғандарда кіреді. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшінің бағасына-жалақы мөлшеріне кері тәуелді. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, жалақы өскен сайын тепе-теңдікті сақтау мақсатында кәсіпкер еңбекке сұранысты қысқартып, ал жалақы төмендегенде сұранысты арттыруы тиіс.
Еңбек ұсынысы, төмендесе еңбек ұсынысы азаяды. П.Самуэльсонның пікірінше қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы келесі фактормен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы тұрғындар ішіндегі өзін - өзі жұмыспен қамтығандардың үлесімен;
- апта ішінде және жыл бойы жұмысшылармен атқарылатын сағаттардың орташа санымен;
- еңбектің санымен, сапасымен және біліктілігімен [14, 605б].
Экономикалық әдебиетте еңбек нарығының көлемі тек жұмыссыздармен шектеледі деген пайымдаулар аз емес.
Бұл еңбек нарығының шекарасын тарылтып оны жұмыс орындарын іздеумен шектейді, осыған байланысты еңбек ақы жұмыс орнының тұрақтылығы, біліктіліктің артуы және еңбекшілерді қайта даярлау, әлеуметтік әріптестік секілді сұрақтар одан тыс қалады. Сондықтан еңбек нарығының қызмет етуі жұмыстан босау, қайта даярлау және еңбекпен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік – еңбектік қатынастардың субъектілері араларындағы келіссөздер, сауда арқылы жұмыс күшінің әртүрлі сапаларын қайта бағалауды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.
Егер келесідей жағдайлар сақталынатын болса, еңбек нарығы тиімді қызмет ететін болады:
жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жеке және экономикалық еркіндігі, оның экономикалық негізі меншік нысандарының көптүрлілігі болып табылады;
жұмыс күшінің саны мен сапасы, жұмысшыларды жұмысқа алу және шығару туралы шешім қабылдауда жұмыс берушінің дербес құқығы;
жұмыс күшін сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың басты реттегіші болып табылатын жалақының өсуіне шектеулердің болмауы;
кәсіби мобильділікке әкелетін жұмыс күшінің еркін қозғалысы, яғни жекелеген мамандықтарға қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруімен байланысты біліктілікті өзгерту; көшіп – қону мобильділігі, яғни жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру, негізгі қызмет шеңберінен тыс еңбек ету сферасын ұлғайту.
Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден, фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып, өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші – бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді. Мұндай жағдайларда бағаларды жалақыны белгілеудің нарықтық механизмі жұмыс істемейді, ал баға сатушылар мен сатып алушылардың монопольдық күштерінің тепе-теңдігімен анықталады. Осыған қоса бұл процеске мемлекет белсенді түрде араласады: ол еңбек заңын қабылдайды, еңбек қатынастары субъектілерінің араларындағы дауларды шешеді және т.б.. Басқаша айтқанда, еркін нарық арқылы өзін-өзі реттеу үшін ешқандай орын жоқ.
Осыған орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан айырылып,белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің: жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші – фирмалардың және мемлекеттің әрекет ететіндігін білдіреді.
Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 - 94 б]
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3
Достарыңызбен бөлісу: |