Мұғалім еңбек шартының мерзімі туралы түсіндіреді.
Еңбек шартының іске асу мерзімі көрсетілуі тиіс (6 ай, 1 жыл, 5 жыл, т.б.). Мерзімі аяқталған соң қайтадан еңбек шарты жасалады.
Егер нақты жұмыстың орындалуына қарай мерзімі белгісіз болса, (мысалы, құрылыс жұмыстары) жұмыс аяқталған соң еңбек шарты тоқтатылады.
Егер біреудің орнына уақытша жұмысқа алынса, сол мерзім аралығы көрсетіліп, бұрынғы қызметкер келгенде орынды босату керектігі туралы жаңа қызметкерге ескертіледі.
Сынақ мерзімі – 3 айдан аспау керек.
Егер еңбек шарты жасалса жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысқа алынушыға ескертуге міндетті.