6. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
6.1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағына сәйкес, іссапарларға жіберілетін Жұмыскерлерге өтемақы төленеді.
6.2. Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан беру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
6.3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.
6.4. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүктілігі мен бала тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алуларына байланысты әйелдерге (ерлерге) демалыс уақытына әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады. Жұмыс беруші жұмыскерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде мынадай жағдайларда:
6.5. жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлемін жүргізеді.
6.6. Осы Шарт тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |