1.1. Осы шарт бойынша жұмыскер ________________ лауазымы (штаттық кестеге сәйкес лауазымның атауы) бойынша сыйақы үшін жұмыстар атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етедіжәне жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына сәйкес жалақыны дер кезінде және толық көлемде төлейді және өзге де төлемдердіжүзеге асырады.
1.2. Жұмыстың орындалатын жері мына мекенжайда ___________________орналасқан «__________» ЖШС-нің өндірістік аумағы (кеңсесі) болып табылады. Осы шарт бойынша жұмыскердің жұмыс орындауына байланысты Жұмыс беруші Жұмыскерді Жұмыс берушінің өндірістік және қызметтік тапсырмаларын орындауға қажетті уақытқа іссапарға жіберуге құқылы.
1.3. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау осы Шарттың негізінде шығарылған Жұмыс беруші бұйрығымен ресімделеді.
1.4. Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және_____________(Шарт жасалатын мерзім көрсетіледі) мерзім ішінде қолданыста болады.
1.5. Еңбек міндеттерін жүзеге асыру ______________________ (күні, айы, жылы) басталады.
1.6. Жұмыскерге ұзақтығы__________ ай болатын сынақ мерзімі белгіленеді
1.7. Осы шарт бойынша жұмыстың орындалуы қалыпты (зиянды, ерекше зиянды, қауіпті) еңбек жағдайларында жүзеге асырылады (қажеттісі сызылады).