2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ
2.1. Жұмыскердің жұмыс және демалыс уақыты Жұмыс беруші бекіткен осы Шарттың шарттармен, еңбек тәртіптемесімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленеді, осыған байланыстыЖұмыскерге:
- екі/бір (сенбі және жексенбі) демалыс күндері бар бес/алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді;
- жұмыс күні – 08:00 сағаттан 20:.00 сағатқа дейін;
- дем алу мен тамақтануға арналған үзіліс – 12.00 сағаттан 14:.00 сағатқа дейін.
ҚР еңбек заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен тартуға құқылы.
2.2. Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны, лауазымы мен орташа жалақысы сақтала отырып, 30 күнтізбелік күндер санына (Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелерін есепке алмағанда) беріледі.
2.3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жұмыс берушімен бекітілген демалыстар кестесімен айқындалады.
2.4. Дәлелді себептер кезіндеЖұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші оған жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жағдайларда Жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде Жұмыс беруші Жұмыскерге күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
2.5. Жұмыскердің қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша демалыстардың өзге түрлерін пайдалануға да құқы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |