Еңбек тірбиесі



бет1/5
Дата13.07.2020
өлшемі74,75 Kb.
#75151
  1   2   3   4   5
Байланысты:
6Еңбек тәрбиесі


Мазмұны

Кіріспе . 2

    1. Еңбек тірбиесі.......................................................................................4

1.2 Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері туралы.. 13

Қорытынды 21

Қолданылған әдебиеттер .22


КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиьазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.

Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету қолға алмағандықтан болып табылады.

Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.

Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.

Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болып табылады.

Ою - халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнермен терезесі тең, қатар дамыған. Мұны сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырғанынан байқауға болады.

Ұлттық үлгіде бүйымдар жасаудың технюлогиясын жетілдіріп, бүл жұмыстар негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен өрнек үлгісін сызу, біріне-бірі ұқсамайтын әсем нақышты оюлар ойылған түс-киіздер, сырмақтар, текемет, алаша, сандық т.б. киіз үй жасаулары мен тұтыну бұйымдары күні бүгінге дейін өзінің қолмен жасалу маңызын жоғалтпай келеді. Алдағы уақытта да оның қиындығы мен қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбек жемісті болуына кәміл сенеміз.

Киіз үйді сәулеттендіріп, оған салтанатты сипат беру, оның әр бөлшегінің бір-бірінің ұнасым табуы, сәндеу халық шеберлерінің машықтанған ісіне айналған. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Және де қолөнерінің түрлерімен, оларды дайындау технологиясына даму тарихына қалам тартқан зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тоқталмасқа болмас.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет