Еңбекке баулу пәнінен қысқа мерзімді жоспар



Дата24.05.2017
өлшемі77,69 Kb.
#16967
Еңбекке баулу пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Тақырыбы

Қағаздан сырмақ жасау


Мақсаты

Оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарының бірі сырмақтың түрлері, пайдалану тұтыну ерекшеліктері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы түсінік беру.

Олардың таным белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, сыни тұрғыда ойлану қабілетін дамыту. Зергерлік бұйымдардың ұлттық мұрасы екенін айта отырып, ұлттық мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу



Міндеті

Оқушы қиялын дамыту, жинақылыққа, икемділікке, әсемдікке топпен жұмыс жасай білуге, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу. Бастаған істі аяқтай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар Сырмақтың түрлері және қағаздан сырмақтың жасалу жолдары туралы білім алады.

Олардың танымдық белсенділіктері артады, шығармашылықпен жұмыс жасайды, сыни тұрғыда ойлану қабілеті қалыптасады. Ұлттық мұраны қастерлей білуді үйренеді



Ресурстар

Оқулық, жеке суреттер

Қажетті материалдар мен құралдар

киіз, таспа, мулине жібі, зер жіп, ПВА желімі, ине, жіп, қайшы, қатты қағаз.


Әдіс - тәсілдер

Түсіндіру, практикалық жұмыс

Сабақ жоспары

Сабақтың жүрісі

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру



2 мин


Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар орындарынан тұрып, қимылмен көрсете отырып орындайды.

Өткенді пысықтау

5 мин

- Сұрақ –жауап




Негізгі бөлім





30 мин



Сөзжұмбақ (сырмақ)

1. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі

2. Тігінші құралы

3. Ең көне ою

4. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал

5. Жеңсіз жеңіл киім

6. Құралып тігілетін бұйым

Түсіндіру

Сырмақ — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.




Жаңа материалды меңгергенін тексеру

Оқулықпен жұмыс.

- Іштей, тізбектей оқыту.

- Сұрақ-жауап

Практикалық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Түрлі түсті қағаздың дәл ортасынан көлденең және тік сызық жүргіземіз

2. Оны төртке бүктеп, бір бөлігіне қарындашпен оюды сызамыз

3. Сызық бойынша оюды қиып аламыз.

4. Дайын оюға желім жағып, түрлі түсті қатырма қағаз бетіне желімдейміз.



Техника қауіпсіздігін сақтау.

Сөзжұмбақ шешу

Мәтінді оқу

Мұғалімнің түсіндірмесі бойынша сарамандық жұмыс жүргізу



Сабақты бекіту

5 мин


1. Сырмақ деп қандай төсенішті айтамыз?

2. Сырмақ неден жасалады?



3. Сырмаққа қандай ою-өрнектер қолданылады?

Сұраққа жауап беру

Сабақты бағалау

2 мин

Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.




Үйге тапсырма


1 мин

Жасаған қуыршағың өз бетіңше әшекейлеп, сәндеп келу.




Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

Боранқұл орта мектебі

Нурекешова Тойган

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет