Еңбекші елдің ұлдары және ақын, жазушы, әншілері: Сәбит, Хамза, Әлкей, Елжас, Қайып, Мәжит, Ғабит, Құсайын, Мұсаиып, Сапалай, Жұмабай, Өтебай, Сабыр, Қалмақан, Рақметжан, Бейімбет, Жұмақан — он жетіңе тартамын.
ҚАЛЖЫҢ Тізілтіп он жетіңді атағаным,
Дөңгелек отырғызып «матағаным»
— Сый тартып алдарыңа: «бар мәзір» деп,
Бәріннен «жол» дәме етіп «бата» — алғаным...
Қазақта бұрын жыршы, шайыр-ақын,
«Тамағын өлеңменен айыратын»,
Жыр шерткен ақындарды алдына кеп,
Мырзалар «жолын» беріп қайыратын.
Мырзаны ептеп солай «шабатұғын»,
Ақынның мырза көңілін табатұғын:
Лықитып ет-қымызға, ат мінгізіп,
Иығына жібек шапан жабатұғын.
Саспаңдар, сендер маған шапан пішіп,
Мырза емессіңдер сендер берер ішік.
Біздің салт бұрынғымен жер мен көктей
— Тоймаймын сендерден мен қымыз ішіп.
«Тартпаған бірімізге неге дербес?»
— Деспей көп «бар мәзірге» бәрің селбес!
Бәрін де ортақшылсың меншікші емес,
Сендерге жеке меншік ешкім бермес!..
Достарым! Сөзім қалжың, әзіл жортақ...
Сөкпеңдер, кейбір сөзім болса молтақ.
Ойым мен жүрегімнің күй мен жыры
Ұлдары еңбекші тап — бәріңе ортақ!..