Еңбектің халықаралық бөлінісі және оның әлемдік экономиканың қалыптасуындағы ролі



бет3/3
Дата23.01.2023
өлшемі74,98 Kb.
#166182
1   2   3
Байланысты:
2 дәріс

Артықшылығы
- Ресурстарды тиімдірек пайдалану, өйткені әр ел өзінің әлеуеті мен байлығын өзіне ыңғайлы міндеттерде пайдалана алады. Бұл елге өзінің экономикалық ресурстарын толық пайдалануға мүмкіндік береді.
- шығындарды екі жолмен төмендету: бағаның төмендеуіне алып келетін өндіріс масштабындағы үнемділікті пайдалану және салыстырмалы артықшылықтарды пайдалану.
- Коммерциялық айырбас арқылы ұлттардың өнімді дамуы алға басады. Артықшылығы кірістің айналмалы ағынына ықпал ете отырып, экспортталуы мүмкін.
Кемшіліктері
Кейбір экономикалық сарапшылар бұл бөлініс тауар өндіруші елдерде тек кедейлік пен теңсіздікке әкелді деп тұжырымдап, халықаралық еңбек бөлінісінің салдарын жоққа шығарды.
Шынында да, 1980 жылдары экономист Рауль Пребиш, БҰҰ-ның Латын Америкасы Экономикалық Комиссиясының мүшесі, халықаралық еңбек бөлінісі әлемді екі топқа бөлді: біреуі шикізат өндіретін, екіншісі шикізат өндіруші деп тұжырымдады. өнеркәсіптік тауарлар.
Бірінші топ тауарлардың құнының біртіндеп жоғалуына байланысты олардың сатып алу қабілеттілігін жоғалтқанын көрді, ал екінші топқа олардың өнімдерінің эталондық бағаларының өсуі тиімді болды.
Өнеркәсіп өнімдері салыстырмалы құнын көтеріп, шикізат құнсызданған кездегі құбылыс коммерциялық айырбас процестерінің нашарлауы деп аталды.
Бұл нашарлау теңсіздіктің артуымен қатар, ең көп зардап шеккен елдердің ең байларға тәуелділігіне әкеледі.

1. Әлемдік экономика (Әлемдік шаруашылық): мәні және сипаттамасы. 2. Әлемдік экономиканың даму кезеңдері. 3. Халықаралық еңбек бөлінісі: мәні, алғышарттары, тенденциялары


экономика – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын, өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтың тұтас жиынтығы. Әлемдік экономика – бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі. Халықаралық экономикалық жүйе сауда, қаржылық қатынастар, капитал қорлары және еңбек күшін таратып бөлуді сипаттайды. Әлемдік
Әлемдік экономикаға тән сипаттар: Ұлттық шаруашылық - бұл әлеуметтік-экономикалық және тарихтық жүйе, оны сипаттайтын: Тұрақтылық, бұл әлемдік экономикадағы барлық құрушылардың тұрақты қарым-қатынастарының болжамы. Ортақ мақсаттың болуы - ақыр соңында, оның функцианалдануы адами қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа да ішкі жүйелерде бұл мақсат әр түрлі экономикалықәлеуметтік шарттардың күшіне орай түрленеді. Құрушы элементтердің көптігі. Әлемдік шаруашылқта жеке элементтер арасындағы өзара қарым-қатынастар деңгейлерден тұрады, ал мемлекеттер арасында – халықаралық деңгей, ол халықаралық нормалармен және шарттармен реттеледі.
Құрылымдылығы. Өндірістің және айналымның ең маңызды пропорциялары әлемдік экономиканың жаңғырту, сала, технологиялар және т. б құрылымдарынан тұрады, әрі маңызды кез болып бұл құрылымдық тұрақтандырушыларды мемлекетаралық орналастыру болып табылады. Салааралық құрылымнан басқа әлемдік экономикада әлеуметтік-экономикалық құрылымы бөлінеді. Иерархиялық. Әлемдік экономика тағайынды тәртіпсіз дами алмайды, ол халықаралық көпшілік және жеке құқық шамаларында негізделген, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды, экономикалық бірігу, заңды және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттейді. Оны бақылау халықаралық ұйымдар негізінде жүзеге асырылады
Дамудың тұтас және жеке секторларда, мемлекеттік аспектіде бірқалыпты еместігі. Өндірістің шоғырлануы (және тұтыну) материалдық игіліктерді және ресурстарды иерархиялық бірқалыпты бөлмеумен әлемдік экономика тығыз байланысты – әсіресе капитал тарту орталықтарында, әрі бұл капиталдардың қозғалысы әрдайым жүріп отырады. Әлемдік шаруашылықтың динамикалық тепетеңдігі қоғамдық-экономикалық жүйе ретінде. Әлемдік шаруашылықтың тепе-теңдік жағдайы экономикалық әсер арқылы көрінеді. Абсолюттік мағынада экономикалық әсер ЖІӨнің мәні арқылы өлшенеді, ал абстрактылы мағынада – халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мәні.
экономика әлемдік шаруашылықтың элементі болып табылады. Олардың арасындағы байланыс тауарлар мен қызметтердің трансшекаралық алмасуы, ақпараттар, зияткерлік қызметтің нәтижлері, капитал және жұмыс күші арқылы жүзеге асады. Басқарушы бірліктер әлемдік шаруашылықтың субъектілері болып табылады, олар өндірістік іс-шараларды әлемдік шаруашылықта жүргізе алады. Әлемдік шаруашылықтың негізгі субъектілері: Мемлекет; Трансұлттық корпорациялар; Халықаралық экономикалық ұйымдар. Ұлттық
Дүнижүзілік шаруашылық тарихи және саяси-экономикалық категория болып есептеледі. Оның негізі, әрбір нақтылы тарихи кезеңнің дамуына әлеуметтікэкономикалық құрылым мен шаруашылық өмірдің жалпыұлттылануы және өндірістің деңгейі мен қарқынының сәйкес болуы. Дүниежүзілік экономика бірнеше жүзжылдықтарды қамтып, дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқынына байланысты, біраз кезеңді өзіне қосады.
Отаршыл-мемлекеттер мен колониялықмемлекеттер арасындағы сауда араласының жылдам дамуы мен елдердің эконмикалық бірлесуіне ықпал жасайтын дүниежүзілік колониялдық жүйеге (әлемді территоиялық бөлуге), ұлы географиялық ашылымдар әкелді. Соңғылары әлемдік шаруашылықтың (ӘШ) соңғы шебі болып саналады. «Баға революциясы» болып, капиталдың алғашқы жинақталуы басталды. Мануфактураның дамуының негізі болып, әлемдік сауданың дамуына байланысты әлемдік капиталистік нарық туындады. Бірақ ол әлі де тауар айналымының көлемі бойынша біраз шектеулі болып, көпестік капиталдың маңайындағы қосымша болып қала берді. Даму әдісі – экстенивті, колониализм негізінде болды.
бірінші жартысы. Әлемдік капиталистік нарықтың тұрақтануы, халықаралық еңбек бөлінуінің (ХЕБ) туындауы мен дамуы. ХЕБ дамуына материалдық база болып өндірістік төңкеріс пен буржуазиялық революция, және мануфактуралық өндірістен фабрикалық өндіріске көшу себебкер болды. Бұл кейбір елдердің шектеулі қолөнер-мануфактуралық өндірістік базалары ӘШ нарығына сәйкес келмеуінен болды. ӘЭ ретінде әлемдік нарық пайда болды. Әлемдік сауданың дамуымен бірге, басқа да халықаралық экономикалық қатынастар пайда болды, мысалы, капиталдың тысқа шығарылуы.
Бірінші кезеңнің өзгешілігіне келесі процестер мен оқиғалар ықпал етті: Бірінші дүнижүзілік соғыс. Бұл соғысушы елдер өздерінің экономикасының негізгі салаларын дамытуға және барлық қор түрлерін (табиғи, ғылыми, еңбек) қарулы күштерін өсіру үшін жұмсауға негізделуіне әкелді. Бір жағынан бұл соғысқа тікелей қатыспаған елдердің, әскери тапсырыстардың көбейуінің арқасында, сауда айналымдарының ұдайы ұлғайуына әкелді. Артық өндіріске байланысты Нью-Йорк қор биржасындағы құланымнан кейін болған АҚШ-та басталған жалпышаруашылық конъюктурасындағы бірінші әлемдік дағдарыс. Батыс елдерінің Ресейге экономикалық блокада жариялауға және әлемдік тауарайналымынан шығартуға мәжбүр еткен Ресей революциясы. Нәтижесінде XX ғасырдың үштің біріншісінде әлемдік шаруашылықта автаркия – ұлттық оқшалану тенденциясы пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі полярлық экономикалық жүйенің пайда болуы жылдамдады: капиталистік елдердің (нарықтық экономика, өндіріс құралдарына жеке меншілік) және социалистік елдер жүйесі (орталықтандырылған экономика, өндіріс құралдарына қоғамдық меншілік). Осы жүйелердің мүдделерін қадағалайтын құрылымдар пайда болды: НАТО, Варшава келісімі. Қырғи қабақ соғыс пен қаруландыру жарысы басталды. Капитализм мен социализмнің жарыспалық негізі экономикалық қорды өндірістің бейбіт салаларынан аластатты.
Осы күнге дейін өндірісі дамыған елдердің экономикалық конъюктурасына тәуелді болуына қарамастан, колониалдық елдердің саяси тәуелсіздік алуы (әсіресе Африка елдері). Осы кезеңде аймақтық интеграциялық топтамалар қалыптасуда.
Алтыншы кезең – 70 -ші жылдар. АҚШ, Жапония және Германия араларында экономикалық даму деңгейі салыстырылады. Оны растайтын жайт – халықаралық есептеу бірлігі мәртебесіне америкалық доллармен қатар йен марканың ие болуы. Осы кезеңде АҚШ-тың ішкі нарығына шетел капиталы белсене кірді. Жетінші – 80 -ші жылдардың аяғы. Социалистік өндіріс жүйесі ыдырады. Бір жағынан бұл халықаралық шиеленістің басылуына байланысты оң бағытқа жетелесе, екінші жағынан бұрынғы социалистік елдердің ұлттық шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы салдарынан, теріс бағытқа итермеледі.
Солтүстік Америка еркін сауда аймағы, 1993 ж. Біріккен Европалық кеңестік, 1989 ж. Азиялық-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастықтың үкметаралық ұйымы. Әлемдік экономиканың дамуының осы кезең экономиканың ғаламдануын көрсетеді. Бір жағынан аймақтық қарқынның айқын күшейуі трансұлттық корпорациялардың (ТҰҚ) маңызының арта түсуінен көрінеді (90 жылдары трансұлттық корпорациялардың сыртқы сауда айналымы әлемдік айналымнан 3 есе артық болды).
Еңбектің халықаралық бөлінуі – әлемдік экономикадағы орны мен дамуына қарамастан, елдер арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және басқа да ынтымастық, білім, технология, тауар мен қызмет көрсету салаларының халықаралық айырбас жасауларының шын материалдық негізі.
Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізі екі процестің бірігуімен айқындалады – өндіріс процесінің ажырауы және одан әрі бірігуі. Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізгі мазмұны – кейбір елдердің әрқилы еңбек түрлерінің мамандырылуы мен әрі қарай бірлесуі, бір-бірін толықтыруы. Еңбектің халықаралық бөлінуі қоғамдық еңбектің шығын азайту құралы, әлемдік және ұлттық өндірістік күштерді оңтайландырудың негізі болып есептеледі, салалық және аймақтық елдік деңгейдегі оңтайлы халықаралық өндіріс қатынастарды құруға ықпал жасайды. Қандай да топтардың ішінде кәсіпорындар арасындағы айырбастың жүруіне байланысты еңбектің халықаралық бөлінуінің келесі пішіндері пайда болады – ішкісалалық, салааралық, түраралық.
МРТ-нің ішкісалалықпішіні – белгілі бір заттар шығаратын, соның ішінде деректемелер, агретаттар және түйіндер, осы заттардың бірбірімен араласуын көрсететін, халық шаруашылығының қайбір саласына кіретін түрлі елдердің өнеркәсіптерінің күштерінің жұмылдыруын көрсетеді. Егер де мысал ретінде трактор шығаратын өндірісті алсақ, онда ішкіаралық түр былайша болады – бірулері дөңгелекті трактор шығарса, екіншісі шынжыртабанды, үшіншісі - оған қосалқы бөлшектер т. б. , және бір-бірімен осы заттармен алмасады. Әр заттың бірнеше түрі болатындықтан, ішкісала бір түрлі болмауы мүмкін. Ішкі салалықтың заттық бейімделуінің жартылық немесе біртүрлілік, көптүрлілік пен барлықтүрліліктерін бөлу керек.
Халықаралық арнайландыру екі жолмен дамиды – аймақтық және өндірістік. Аймақтық аспектісі жекелеген ел топтары мен аймақтардың әлемдік нарыққа белгілі бір өнімдер мен олардың бөліктерін шығаруды жорамалдайды. Өз кезегінде, өндірістік бағыт салааралық, жекелеген кәсіпорындардың ішкіаралық арнайландыруы және ішкіфирмалы болып бөлінеді. Қазіргі кезде өңдеу өндірісін қамтитын, бірінші кезек машинажасайтын ішкісалалық арнайландыруы тез дамуда. Халықаралық арнайландырудың негізгі белгілері болып заттық (нақты дайын өнім шығару, үлке пішінді), детальдық (ұсақтар, бөлшектер шығару, өнім құрамалары) және технологиялық немесе стадиялық арнайландырулар (жекелген операциялар немесе жекелеген технологиялық процесстерді орындау) есептеледі. Салалық аспектісінде арнайландырудың барлық пішіндерінің толық дамуы машинажасау саласында іске асты.
Халықаралық еңбек бөлісуінің басқа бір түрі болып Халықаралық кооперациялау болып есептеледі. Бұл екі немесе одан көп елдердің шығарған өнімді техникалық жетістіктерге жеткізу үшін, біріккен өндірістік бағдарламаны орындау мақсатында, өндірістік құралдарды бірлестіру. Халықаралық кооперациялаудың негізгі белгілері: Тараптардың бірге жұмыс жасау шарттарын келісімшарт тәртібімен алдын ала мәмілелеу; Түрлі елдердің серіктес-кәсіпорындардың шаруашылықтарын орындауды үйлестіру; Өндірістік кооперация субъектісі болып түрлі мемлекеттердің фирмалары болуы; Дайын бұйымдардың сапасының технологияға лайық болуын шартты түрде бекіту; Келісілген бағдарлама бойынша серіктестердің тапсырмаларды өзара тарату, кооперациялық келісімнің негізгі мақсатына байланысты, оларға өндірістік арнайыландырауды бекіту; Бір жақты немесе екі жақты тауар жеткізудегі тығыз байланыс; Серіктер арасындағы ұзақ мерзімді, тұрақты және үздіксіз экономикалық қатынас;
Халықаралық кооперациялауды топтастыру келесі бағыттарда жүргізіледі: Суъектілер саны бойынша - екіжақты, көпжақты; Объектілер саны бойынша – бірзаттылы, көпзаттылы; Салалық байланыс құрылымы бойынша – ішкісалалық, салааралық (өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және сауда құрылымдарында); Қызмет түрімен – өндіріс пен ауыл шаруашылығы арасында, өндіріс пен құрылыс арасында т. б. , басқаша бұны салааралық ретінде қарастыруға болады. Пайдалану әдістері бойынша – өндірістікэкономикалық, ғылыми-техникалық бағдарламалар, біріккен кәсіпорындар, келісімдік арнайлындырулар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет