Еңбекті қорғау


Бір ғана жұмыс орнына арналған жерде 0 класындағы жабдық пен жерге қосылған жабдықты пайдалануға қатаң тиым салынады



бет46/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Бір ғана жұмыс орнына арналған жерде 0 класындағы жабдық пен жерге қосылған жабдықты пайдалануға қатаң тиым салынады.

Жерге қосу немесе нөлге қосу қарғаныштары арқылы электр тогы жарақатынан қорғайтын қосымша қорғаушысы бар аппаратуралар 0I немесе I класына жатады. 0I класына жататын бұйымдар екі жіпті жүйеге қосатын сымнан тұрады, ал корпустарының жерге қосылу қорғанысы оларды ток жүйесіне қоспаған кезде де іске аса береді.

I класына жататын аппаратуралар жерге қосылу қорғаныс жүйесіне қосылу әдісімен ерекшелінеді. Мұнда жерге қосылу сымы ток жүретін сыммен бірге қабаттасқан, яғни үш жіпті өткізгіш сыммен болады. I класына ұдайы ток жүйесіне қосылып тұруға есептелінген аппараттар жатады, сондықтан олардың жерге қосылуы оларды орнатқан кезде жасалады да, құралдың көмегінсіз ажыратылынбайды.

Жерге қосу немесе нөлге қосу қарғаныштарына қарағанда электр тогы жарақатынан қорғайтын әлдеқайда тиімді қорғайтын әдіске – қос немесе нығайтылған изоляцияны қолдану жатады. Қос изоляция деп негізгі және оған қатысы жоқ қосымша изоляциялардың комбинацияларын айтады. Мұның көрнекті мысалына электр жабдығының пластмассалы корпусы жатады. Қос изоляцияны пайдаланған кезде жерге қосылу қорғанышының қажеті керек болмайды. Жерге қосу элементтері жоқ, бірақ қос немесе нығайтылған изоляциясы бар электр жабдықтары II класс бұйымдарына жатады. Бұл пластмасс бұйымдардың механикалық және термиялық мықтылықтарының төмендігіне қарай олардың қолданысы кең өріс алмай отыр. Бірақ жаңа полимерлі материалдардың пайда болуына байланысты жерге қосылу қорғанышы біртіндеп ығыстырылып келуде.

III класс аппараттарында төменгі кернеу көзінен ( тұрақты немесе айнымалы токтың 24 В көп емес) ток алу есебінен қорғаныс іске асады. Бірақ химиялық зертханаларда мұндай кластағы аппараттарды қалдану кең тараған жоқ.

Кез-келген кластағы электр аппараттарын пайдаланған кездегі электр тогынан жарақат алу көбінесе изоляцияның бұзылуынан болады. Сондықтан электр жарақаттарын алдын алу шараларының жүйесінде изоляцияны бақылауға және оның бұзылу профилактикасына басты көңіл бөлінуі керек.

Химиялық зертханалардағы ұдайы қауіпсіздік көзіне – қолдан жасалған жабдықтар жатады. Химиктердің керекті жабдықтарымен қамтамасыз етілуін өндіріс толығымен орындай алмайтындықтан, кейбір жабдықтардың өз бетінше жасалуына шек қойылмайды. Бірақ мұндай жабдықтарды дайындау мен жөндеуді, оны қолдану жағдайларымен танысқан маманданған электриктерге тапсыру қажет.
Сұрақтар:

1. Адамдардың электр тогымен жарақатталуының ерекше қауіптілігі қандай факторлармен анықталады ?

2. Адам ағзасына электр тогының қандай маңызды факторлары әсер етеді және аса қауіптілікті тудыратын токтың түрі қандай?

3. Адамдардың электр тогымен жарақатталуына қандай жағдайлар сәйкес келеді?

4. Электр тогының жарақатынан адамдарды қорғауға байланысты бұйымдар қандай кластарға бөлінеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет