11. АЛЮМИНИЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРМЕН ЖҰМЫС
11.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ
Алюминийорганикалық қосылыстар (АОҚ) зертханада этилен, пропилен полимеризациясында катализатор компоненті ретінде, жасанды каучук және басқа да полимерлі материалдар алуда, сонымен қатар органикалық синтезде реагент ретінде кең қолданылады.
АОҚ жоғары реакциялық қабілеттілікке ие, сондықтан олардың концентрациялы ерітінділерімен жұмыс істеуде қауіпсіздік шараларын ерекше сақтау талап етіледі. АОҚ –ға металлорганикалық қосылыстардың (МОҚ) кең класы кіреді. Бұл класқа жататын көптеген қосылыстар, мысалы литийорганикалық, натрийорганикалық, цинкорганикалық, магнийорганикалық қосылыстар жоғары от-жарылыс қаутілігіне ие. Сондықтан АОҚ-мен және басқа да металорганикалық қосылыстармен жұмыс барысындаға қауіпсіздік техникасының ұсыныстарының көп бөлігі әділеттілікке жатады. Сонымен қатар әр топтағы МОҚ-тарының жеке өздеріне тән қасиеттері бар, ал кейбір топтардың от-жарылыс қауіптіліктері толығымен зерттелмеген. Бұл органикалық химияның осы облысының айрықша тез дамуымен және жаңа МОҚ-тардың пайда болуымен түсіндіріледі. Жаңа МОҚ топтарымен жұмыс істеуде әрбір зертханада жоспарланған жұмыс сипатымен және нақтылы МОҚ-тың қасиетімен сәйкес келетін, қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқау тағайындалуы қажет.
Зертханаларда АОҚ-тар әдетте бензинде, петролейн эфирінде немесе жеке көмірсутектерде әртүрлі концентрациядағы ерітінділер ретінде қолданылады. Ерітінділердің от-жарылыс қасиеттері олардың концентрацияларына байланысты болады. Сұйық АОҚ-тарды таза күйінде олардың өте жоғарғы от-жарылыс қаутілігіне қарай қолданбайды.
АОҚ-тардың пирофорлылығы көмірсутек радикалындағы көміртек атомының өсуіне қарай немесе молекулаға хлор енгізгенде азаяды. С1-С4 алкил топтары бар АОҚ-тар, ерітінді концентрациясы (көмірсутекті еріткіште) 10-20-дан асқанда тез арада ауада тұтанады. Концентрация 40-дан асқан кезде ауада өздігінен тұтану 0С-тан төмен температурада болады. Ұзақ мезгілде ауада болған сұйытылған ерітінділер де, төгілген жағдайда біршама жылдамдайтын экзотермиялық тотығу салдарынан тұтана алады. С5 - С14 алкил топтары бар АОҚ ерітінділері 20-30 концентрацияда қауіпсіз болып саналады. Олар ауада түтінденгенімен өзігінен тұтану тек өте ылғалды ауада ғана болады. Бұл ерітінділердің оттегімен құнандандырылған (21-дан көп) ауамен қатысында қопарылыс болуы мүмкін. Концентрацияланған ( 30 ) АОҚ-тар ерітінділерінің өздігінен тұтануға қабілетті болатын ауадағы оттегінің минималды мөлшері бөлме температурасында 5 - 6-ды құрайды.
С1-С9 алкил топты АОҚ-тар сумен жарылыс бере әрекеттеседі. Су АОҚ-тарын, ауамен жарылыс қаупі бар қоспалар беруге қабілетті газ тәріздес көмірсутектер түзе ыдыратады, сондықтан тіпті өте сұйытылған АОҚ-тар ерітінділерінің сумен қатысы да, өте қауіпті болып табылады.
АОҚ-ның концентрациялы ерітінділері спирттермен, минералды және төменгі органикалық қышқылдармен өздінен тұтана күшті әрекеттеседі, кейде қопарылыс та береді.
Галогентуынды көмірсутектерді, кейбіреуінен басқа, АОҚ үшін еріткіштер ретінде пайдалануға болмайды. Төртхлорлы көміртек пен хлороформ АОҚ- тармен қарқынды әрекеттесіп, көбіне жарылыс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |