Еңбекті қорғау


Сынап буымен созылмалы улану (меркуриализм)



бет62/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Сынап буымен созылмалы улану (меркуриализм). Бұндай улану салыстырмалы түрде ұзақ мерзімде – бірнеше ай, тіпті кейде бірнеше жыл бойы ауасы сынап буының санитарлық нормадан аз ғана асқан мөлшерімен бұзылған бөлмеде жұмыс істегенде пайда болады.

Созылмалы улану кезінде ең бірінші орталық нерв жүйесі зақымданады. Нерв жүйесінің түріне қарай уланудың алғашқы белгілері әртүрлі болады: қатты шаршағыштық, ұйқышылдық, жалпы әлсіреу, бас аурулары, бас айналу, апатия сонымен қатар эмоциялы тұрақсыздық - өзіне сенімсіздік, ұялшақтық, жалпы қажу, ашушаңдық. Еске сақтау қабілеті, ынта, ой еңбегіне қабілеттілік төмендейді.

Созылмалы улану туберкулез, атеросклероз құбылыстарына, бауыр мен өттің бұзылуна, гипертонияға бейімділікті тудырады. Әйелдерде менструация циклдері бұзылып, түсік тастау мен мезгілінен ерте босану пайызы артады; жүктілік өте ауыр жүреді, ал туылған балалардың өмір сүруге қабілеттілігі болмайды немесе өте әлсіз болып туылады.

Созылмалы уланудың салдары сынаппен қатысты үзгеннен бірнеше жыл өткеннен кейін шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет