ҚАРАПАЙЫМ АЙДАУ
Атмосфералық қысым барысында сұйықтықтарды айдау үшін қарапайым қондырғының үлгісі 13 суретте келтірілген. Жұмыстың қауіпсізділігін келесі қондырғыны дұрыс жинаудың орындалумен қамтамасыз етiледi.
Сурет 13. Қарапайым айдау қондырғысы:
1-айдау колбасы, 2-Вюрц қондырмасы, 3- сулы тоңазытқыш, 4-алонж, 5- қабылдау ыдысы, 6-хлоркальций түтікшесі, 7,8- суытатын суды жіберу және шығып кетуі үшін резина шлангасы, 9-сұйықтық банясы, 10- қыздырғыш элементі бар жапқышты электр плиткасы, 11-қайнатқыштар, 12,13- сұйық баня темепературасы мен айдалатын сұйықтықтың буын бақылайтын жылуөлшегіш, 14-асбестті жылуқорғағыш, 15- құрыштан жасалған серiппелер немесе резеңке сақиналары, 16-ұстағыштар, 17-қабылдау ыдысын ұстайтын сақина, 18- көтергiш үстелше – тығыршық, 19- екi штативтен жасалған жылжымалы монтаждық рама.
Айдау колбаға есеп бойынша айдалатын сұйықтық оның көлемінен 2/3-ден артық орын алмауы тиіс. Кей жағдайларда интенсивті қайнау кезінде колбадан қабылдайтын ыдысқа ыстық сұйықтық атқылауы мүмкін, оның булары атмосфераға тарау салдары сияқты.
Сумен суытатын тоңазытқыштар 140-1500С-ден аспайтын температурада қайнайтын сұйықтықтарды айдау үшін қолданылады.
Айдау колбасын жылыту үшін сұйықтықты монша қолдану керек. Құмды монша сұйықтарды айдау барысында қолдануға болмайды, өйткені олар колбаны біркелкі және біртегіс етіп жылытпайды. Колбаны электр плиткада немесе газды қыздырғышта жылыту қауіпті, себебі жоғары температурада колба шытынауы мүмкін. Моншаның шетіне дейін жылу тасымалдаушылармен толтыруға болмайды. Бос орын болуы тиіс, өйткені колба сынып қалған жағдайда айдалатын сұйықтық моншадан тасып кетпеуі керек. Мошаның реттегішін жеңілдету мен қажетті температурада ұстау мақсатында жылытқыш құрам ЛАТР арқылы қосылады немесе контакты жылу өлшегіш және реле қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |