3. ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДАҒЫ ӨРТ ПЕН ОТТЫ СӨНДІРЕТІН БАСТАПҚЫ ҚҰРАЛДАР Өрт сөндіруші бастапқы құралдарға әртүрлі от сөндіргіштер, асбест матасы, сонымен қатар құбырдан ағатын су жатады. Химиялық зертханада әртүрлі қасиеттері бар жанғыш заттардың болуына байланысты, өрт сөндіруші бастапқы құралдарды дұрыс және өз кезегінде пайдалана білу өте қажетті. Зертханада бар әрбір бастапқы от сөндіруші құралдардың қолдану саласы мен мүмкіндіктерін білмей, отты ойдағыдай сөндіру мүмкін емес.
3.1. ӨРТСӨНДІРГІШТЕР. Өрт сөндіргіштердің техникалық сипаттамалары 10-қосымшада көрсетілген.