Еңбекті қорғау


Қолға ұстайтын көмірқышқылдық



бет26/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Қолға ұстайтын көмірқышқылдық-бромэтилді ОУБ-3 және ОУБ-7 өрт сөндіргіштері. Олар құрамы 95-97% этилбромиді және 3-5% сығылған көміртектің қос тотығынан тұратын қоспамен толтырылады. Өрт сөндіргіштің 20˚С температурада жұмыс қысымын 0,86-0,9 МПа жеткізу үшін, оған сығылған ауа енгізеді.

Этилбромиді және басқа да гологенді-көмірқышқылдық сөндіргіштердің от сөндіру эффектісі, олардың тотығу реакцияларын тежейтін қасиеттеріне негізделген. Гологенді көмірсутектер, яғни жанудың ингибиторлары немесе флегматизаторлары, от аймағына енген кезде тізбекті жану реакциясын үзеді. Салмақтары бірдей көмірқышқылдық өрт сөндіргіштермен салыстырғанда, бромэтилді- көмірқышқылдық сөндіргіштердің тиімділіктері 3,5-4 есе артық.

Көмірқышқыл-бромэтилдік және көмірқышқылдық сөндіргіштердің қолдану салалары сәйкес келеді. Этилбромид жоғары диэлектрлік қасиетке ие болғандықтан, кернеуде қосылған жанып жатқан электр жабдықтарын сөндіруге жарамды және оған зиян келтірмейді.

Көмірқышқыл-бромэтилді өрт сөндіргіштер сілтілік металдарды, МОҚ-ды, сонымен қатар ауа қатысынсыз жана алатын қосылыстарды сөндіруде қолданылады. Гологен туындас көмірсутектер негізіндегі қоспаларды қолданудың кемшілігі, олардың термиялық ыдырау кезінде улы заттарды бөлуінде.Өрт сөндіру кезінде бұл заттардың аз уақыттағы әсері денсаулыққа аса зиян келтірмейді. Өртті жойып болғаннан кейін бөлме терезелерін ашып, ауа тазарғанша сыртқа шығу керек, содан соң өрт қалдықтарын жинайды немесе противогаз киіп іске кіріседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет