Әбітай Асхат 1 тапсырма



Дата07.02.2022
өлшемі18,88 Kb.
#89735
Байланысты:
дшшш


Әбітай Асхат

1 тапсырма

Бастапқыда гранатаны дұрыс ұстаудың тәсіліне үйрену керек. Содан кейін бір орында тұрып, тік нысанаға тура, жайлап лақтыруға кірісу керек. Нысанаға лақтыру қимылды дұрыс орындауды бақылауға жеңіл болады. Нысанаға лақтыруға үйренудің алғашқы кезеңінде лақтыратын жаққа қарай кеудені беріп тұру керек, сол аяқ біраз алға шығарылсын. Дене салмағы бұл кезде көбіне оң аяққа түседі. Міне, осы қалыпта гранатаны лақтыру керек. Гранатаны лақтырғанда ол жоғарыдан төмен қарай айналатындай етіп жіберу қажет. Лақтыратын қимылын меңгеріп, яғни кеудені лақтыратын жаққа қарай беріп тұрудан, қатты ышқынып лақтыруға машықтанған соң, нысанаға дейінгі қашықтықты ұлғайту керек.
Тік тұрған нысанаға (дуал, қалқан) жақсы тигізетін болған кезде көлденең нысанаға (окоп, ор) лақтыруға көшуге болады. Жүгіріп келіп лақтыруға тек бір орында тұрып лақтыруды меңгергеннен кейін ғана көшу керек. Жүгіріп келіп лақтырудың техникасын ең алдымен жүріп лақтыру арқылы үйренген дұрыс болады. Ең әуелі екі адымдап, содан кейін үш адымдап, қолды дұрыс сілтеуді үйрену керек. Алдымен қолды сілтеуді және лақтыруды үйренген соң, жүгіруді, алғаш адымдап басуды, оның ақырғы бөлігін – ақырын жүру арқылы қатты жүгіруді үйрену керек. Бұдан кейін жүгіріп екпін алудың барлығын баяу жүгірумен орындайды (бастапқы бөлігін ақырын жүгіріп, ал қорытынды бөлігін ақырын үдете жүгіру керек). Гранатаны лақтырған кезде оны сілтей лақтырып, қолдың басын граната айналып ұшатындай етіп ұстау керек
2 тапсырма

Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.


Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысынаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан моң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтарымен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұстап тұралады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстың серіппе әсерінен капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады. От жалыны капсюль-детонаторға беріледі.
Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да корпус және тұтандырғыш жарқшақтары жан-жаққа шашырайды.
3 тапсырма
Допты бір иықтан лақтыру
Оқушыларды екі топқа бөліп 5-6 метр шамасында
қарама- қарсы тұрғызып допты 1 немесе 2 рет жерге ұрып бір иықтан пас беріп ұрып барып кедергіден айналып қайта допты ұрып бір -біріне беріп келу.
Бір орнында тұрып допты қабылдап екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал)

2-жаттығу Допты шығарып беріп алға жүгіріп қайта допты қабылдап 1-2 мәрте жерге ұрып екі қадам жасап лақтыру. (оң және сол қаптал)

3-жаттығу Кедергілер арасымен допты ұрып келіп екі қадам жасау арқылы лақтыру. (оң және сол қаптал)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет