Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл



бет38/38
Дата20.05.2020
өлшемі104,35 Kb.
#69975
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Қазақ тілі 6 сынып

Жалғаулық шылаулар

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салыстыра байланыстыратын шылау түрлері жалғаулық шылаулар немесе жалғаулықтар деп аталады.







Жалғаулық шылаулардың түрлері

Жалғаулықтар

1.

Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, әрі

2.

Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар

алайда, әйткенмен, бірақ, дегенмен, әйтпесе, сонда да

3.

Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар

немесе, болмаса, әлде, не, я, яки

4.

Кезектестік қатынасты білдіретін жалғаулықтар

біресе, бірде, кейде

5.

Себеп – салдарлыққатынасты білдіретін жалғаулықтар

себебі, сондықтан, себепті

6.

Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар

егер, егер де, онда

Демеулік шылаулар

Демеулік шылаулар – өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу,сұрау,болжалдық,күмән сияқты қосымша мағына үстейтін шылау түрі. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан. (Абай). Бұлардың көпшілігі көшпенді рулардан келген-ді. (І.Е) Қырсық әкені Абай кінәлапты-мыс. (М.Ә.) Бұл сөйлемдегі де шылауы сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ (та шылауы-жалғаулық, ол тап және бар деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстыратып тұр), ал –ді демеулігі нақтылық –мыс шылауы болжалдық мағынасын беріп тұр.

Демеулік шылаулар демеуліктер деп те аталады. Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.







Демеулік шылаулардың түрлері

Жалғаулықтар

1.

Сұраулық демеуліктер

ма (ме, ба, бе, па, пе), ше

2.

Күшейткіш демеуліктер

-ақ, -ау, -ай, да (де, та, те)

3.

Шектік (тежеу) демеуліктер

ғана (қана), тек, кейде, -ақ

4.

Болжалдық демеуліктер

-мыс (-міс)

5.

Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктер

түгіл, тұрсын, тұрмақ

6.

Нақтылау мәнді демеуліктер

қой (ғой), -ды, (-ді, -ты, -ті)

7.

Қомсыну мәнді демеуліктер

екеш

Да, де, та, те, кейде шылаулары жалғаулық та, демеулік те болып кездесіп отырады. Мысалы: Сен де бір айтқанынан қайтпайтын жансың. Сен де, мен де осы тұста қателестік. Бірінші сөйлемдегі де шылауы сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, ал екінші сөйлемдегі де шылауы бірыңғай мүшелерді байланыстырып тұр.

Шылаулардың емлесі

Шылаулардың жазылуын білу өте маңызды. Шылаулардың емлесіне қатысты төмендегі ескертпелерге назар аударыңдар: - шылаулар өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады; - кейбір шылаулар дефис арқылы жазылады.



Және, мен (бен, пен) шылауларының емлесі

Мен, менен, бен, бенен, пен, пеннен жалғаулығы түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас, сондықтан көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайтынын, ал мен, бен, пен жалғаулығын түсіріп айтуға немесе өзге жалғаулықпен (мысалы: және, немесе де, да, та, те) ауыстырып айтуға да болатынын есте сақтаңдар. Мысалы: Біліммен (немен?) биік мақсатың. Білім мен тәрбие – егіз ұғым.

Және, мен, бен, пен шылаулары бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай қолданылады. Сондықтан бұл жалғаулықтарбайланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы, Арман мен Аяулым дер кезінде көмекке келді.

Мен (бен, пен) жалғаулығы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді. Мысалы, бүгін мен ертеннің білген жанға жүгі ауыр деген сөйлемде бүгін сөзі ілік септікте (бүгіннің) тұрғаны белгілі.

Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңғы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі – екіден топтап барып байланыстырады. Мысалы, Ардақ, Әсем Арыстан және Ардақ Күміс әжейдің үйіне аттанды.

Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді. Әрі, бері, кейін (үстеу), ақ, ау (сын есім), т.б.

Кейбір шылаулар өзінен бұрынғы сөздің соңғы дыбысына, соңғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарай түрленіп қолданылады. Мысалы, мен (бен, пен), қана (ғана), қой (ғой), да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары. Мысалы: Бекен де, Болат та осы жайды сезінді ме, сезіне алмады ма?

мен, бен, пен шылауларын көмектес септігі жалғауының емлесімен шатастырып алмаңдар. Мысалы: Данияр әкесі(мен) сөйлесіп отыр.

Да, (де, та, те) шылауының емлесі

Да, де, та, те шылауы өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бір де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады.

Да, де, та, те бірде жалғаулық, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты я байланыстырып тұрған сөзден бөлек жазылады. Мысалы: Оның бір ойлағаны бар да. Осы сөйлемде да шылауы бар сөзіне айқындау мағынасын үстеп, демеулік шылау қызметін атқаруда.

Да, де, та, те шылауы ыңғайластық мәнде сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол – жалғаулық. Жалғаулық мәнінде ол көбіне қайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулықпен ауыстыруға болады. Мысалы: Бар да, жоқ та – өмірдің сабағы. Сөйлемдегі да, та – жалғаулық, ол бар және жоқ деген бірыңғай бастауыштарды ыңғайластыра байланыстырып тұр.

Да, де, та, те шылауы сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы бірге жазылады, түсіріп айтуға болмайды. Ал шылау бөлек жазылады, оны түсіріп айтуға, басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Сен де сезін дегенде де шылауын түсіріп айтуға болса, Сенде тудым, сенде өстім деген өлең жолдары сен тудым, сен өстім деп айтылмайды.

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстейді. Өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Сұраулы сөйлем жасайды. Мысалы: Шам жағайық дейсің бе?

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сыртқы тұлғасы жағынан –ма,-ме, -ба, -бе, -па, -пе деген болымсыз етістік жасайтын жұрнақпен ұқсас келеді. Бірақ шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып, бұйрықты мағынаны білдіріп, бірге жазылады. Мысалы: Ойланып алмай іс бастама. Мәселе баста ма?

Ма (ме, ба, бе, па, пе) демеулігі кейде әр бірыңғай мүшеден кейін қайталанып та жұмсала береді. Мысалы: Басы ауырды ма, еркеледі ме, мазасызды ма ызыңдап әбден шаршатты.

Кейде бұл шылау жіктік жалғауынан бұрын да келеді, ондайда оның тұлғасы –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: Байжанның баласымысың?



Демеулік шылаудың емлесі

Демеулік шылаулардың емлесі ерекше. –ақ, -ай, -ау, -мыс, (-міс), -ды, -(ді) демеуліктері өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Қайран Қарасазым – ай! Пай, пай!Пай! Сағындым – ау, сағындым – ау! Талықсып тар төсекке таңылдым – ау! (М.М) Сол кезде қайық аударылып кетіп үстіндегі адамдар суға батады – мыс. (З.Ш)



Одағай. Одағай сөздер туралы түсінік

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әртүрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай деп аталады

Одағайда лексикалық (негізгі) мағына болмайды.

Сөйлемде одағайлар оқшау айтылады. Басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сұраққа жауап бермейді, одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.



Көңіл күй толқындарын: таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылатын сөздерү Мысалы: Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! (М.М.) Шіркін, ат – ақ екен! (С.М.) Түнде түсімде Сұраншы, Сарыбай тапсырған қызыл жолбарысым босағамнан шығып, Алатаудың күнгей бетіне, қырғыздарға қарай жортып кетті. Соңынан үш рет кішәйт – кішәйт деп шақырғаныммен қайрылмады.

Берілген мысалдардағы пай, шіркін деген одағайлар арманды, таңданысты білдіріп тұрса, кішәйт – кішәйт одағайы Жамбыл ақынның киесі саналған қызыл жолбарысына бағытталған қолданыс.

Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданылады.

Одағайдың түрлері

Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай төмендегідей үш түрге бөлінеді.



1. Көңіл күйі одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді.

2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.

3. Шақыру одағайлары мал, ит-құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.

пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, туу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, шіркін, т.б.

тәйт, тек, жә, т.б.

құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, моһ-моһ, пұшайт-пұшайт, өк, кә-кә, пырс, т.б.



Одағайларға қандай тыныс белгісі қойылатынын біліп алыңдар.

Одағайға байланысты қойылатын тыныс белгілері

Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: -Ойпырмай, өрт болмағай еді, - деген Әшімтай досының сөзін естігенде, Маралбектің тұла бойы дірілдеп кетті. (С.О.)

Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Бұл не ғажап, шіркін-ай!

Әдетте одағайлы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Одағай ерекше көтеріңкі дауыспен айтылса, одағайдан кейін де леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай-пай! Шіркін, қазақтың келіндері-ай! Паһ! Бұл ғаламат қой!

Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: құрау-құрау, пай-пай, паһ-паһ, т.б.

Көмекші сөздер

Көмекші сөздер – жеке тұрып, дербес, толық мағынаға ие бола алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздер.


Атауыш сөздер

Көмекші сөздер



Көмекші сөздер Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер деп аталады. Іш, маң, алд, үст, ара, жан, шет, төбесі, т.б.

Көмекші етістіктер Өз алдына жеке тұрып, дербес, толық мағынаға ие бола алмайтын, тек негізгі етістік, есім сөздерден тіркесіп қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады. Еді, деді, емес, жазда, екен, т.б.

Шылау сөздер Шылау сөздер – ішкі мазмұн, сыртқы формада, өзге де қызметтері жағынан бастапқы тұлғасынан мүлдем қол үзіп, жеке категория болып қалыптасқан, жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. Соң, дейін, сияқты, туралы, және, сондықтан, яки, бірақ, ма, ме, ше, ғана, екеш, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет