Себеп – салдар үстеуі
Себеп – салдар үстеуі қимылдың, іс – әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп – салдар үстеуі: текке, құр босқа, жоққа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге сияқты сөздер жатады.
Үстеудің емлесі
Бірге жазылатын үстеулер
|
Дефис арқылы жазылатын үстеулер
|
Бөлек жазылатын үстеулер
|
Негізгі үстеулер, жалғау, жұрнақты және бірігу арқылы жасалған үстеулер
|
Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады
|
Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады
|
Қапияда, абайсызда, бұрын, қыстыгүні, бірқыдыру, т.б.
|
Тез – тез, бірте – бірте, жол – жөнекей, қолма – қол, емін – еркін, күні – түні, т.б.
|
Таң сәріде, күні бойы, ала жаздай, кей күні, ертеден қара кешке дейін, т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |