Әдебиет
|
Күні:
|
Иманбергенова Г.Қ
|
5 «Б» сынып
|
Қатысқандар саны:
30
|
Қатыспағандар саны:0
|
Мектеп
|
№24 орта мектеп
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан»
|
Оқу мақсаты
|
«Қажымұқан» шығармасындағы дүниежүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, бөлімдерінің мазмұнын игерту, алған білімдерін бекіту. Ойлау қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Шығарманың мазмұнын түсінеді, Қажымұқан туралы жан -жақты мағлұмат алады, қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Шығарманы жан -жақты талдайды, кейіпкерлерге талдау жасайды.
|
|
Кейбір оқушылар:
|
|
Шығарманың мазмұнына терең үңіле отырып, кейіпкерлерге жан - жақты талдау жасайды, өмірмен байланыстырады. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет айтады.
|
Алдынғы оқу
|
Болашақ ғалымның бойындағы қасиеттер
|
Жоспар
|
Уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Дерек көздері
|
Басы
2 мин
5 мин
15мин
|
Қызығушылығын ояту.
«Табыс қоржыны» жаттығуы
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Қалқаман Әбдіқадыров өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Сұрақтарға жауап беру.
«Жигсо» әдісі арқылы берілген шығарманы оқып, топта талдайды, өз ойларымен бөліседі. Әр топ жуан және жіңішке сұрақтар құрып, бір -біріне қояды.
«Екі жұлдыз, бір тілік» арқылы бағалайды.
|
Геометриялық фигуралар
Слайд №3
Оқулық
|
Ортасы
Мағынаны тану
5 мин
8 мин
|
Оқып болған соң, топтарға тапсырмалар беріледі.
«Сөйлемді аяқта» әдісі
Қажымұқан.......
Мұқанның балалық шағы...........
Достық көмекке келгендер......
Лебедев мектебі......
Отанның даңқын арттырудағы Мұқанның үлесі.....
Өзара бағалау жүргізеді.
«5+5+1» әдісі
Оқушылар бес сөйлем, бес сөз және бір маңызды сөз жазады.
Тапсырманы топта қорғайды.
«Басбармақ әдісі» арқылы бағалайды.
|
А4 парағы
Слайд №4
|
Соңы
5 мин
5 мин
|
«Танып білу» стратегиясы.
Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. (Сәйкестендіру)
Рефлексия.
«Попос» формуласы
Менің ойымша...
Себебі мен оны былай түсіндіремін..
Оны мен мына фактлермен, мысалдармен дәлелдей аламын...
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...
Бағалау
Әр топ басшысы алдарындағы кесте бойынша бағаларын айтады.
Үйге тапсырма: «Мұқан бойындағы қасиеттер» туралы ой толғау жазу.
|
Слайд№6
А4 парағы
Бағалау парағы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс. АКТ құзыреттілігі
|
Саралау- Мен қосымша көмек көрсетуде шығарманы талдау барысында 1- деңгейдегі оқушыларға шығарма мазмұнын түсінуге көмектестім. 2- деңгейдегі оқушыларға шығармадағы негізгі ойды анықтауға, кейіпкерлерге талдау жасауға, Қажымұқан өмірі жайлы түсініктеме беруге, 3- деңгейдегі оқушыларға шығарманың мазмұнына терең үңіле отырып, кейіпкерлерге жан - жақты талдау жасауды, өмірмен байланыстыруды жоспарладым.
|
Бағалау- оқушылардың үйренгенін әр тапсырманы қорытындылау, кері байланыс беру, «Екі жұлдыз, бір тілік», «Басбармақ», мадақтама сөздер, Бағалау парағын толтыру арқылы тексеруді жоспарладым
|
Тарих, қазақ тілі, слайд, бейнежазба, интернет ресурстары
|
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?/
|
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы құрылды. Қажымұқан бейнесі арқылы мейірімді, қайырымды, өжет болуға үйренді. Өнерді, біреудің еңбегін құрметтеуді үйренді.Сыныптағы ахуал, өзара түсінісуі жақсы деңгейде болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, әр тапсырманы тиянақты орындап, топта бірлесе жұмыс жасады. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды. Саралау барысында, оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін нақты анықтап алдым, тақырыпты барлық бала меңгерді, сабаққа қатыспай қалыс қалған оқушы болған жоқ, сабақ өте қызықты болды. 1- деңгейдегі оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап берді, сабақ барысында белсенділік танытты. 2- деңгейдегі оқушылар шығармадағы негізгі ойды анықтады, кейіпкерлерге талдау жасады, Қажымұқан өмірі жайлы түсініктеме берді. 3- деңгейдегі оқушылар шығарманың мазмұнына терең үңіле отырып, кейіпкерлерге жан - жақты талдау жасады, өмірмен байланыстырды. Мен сабақ барысында жоспарлаған тапсырмаларды орындап үлгердім. Мен келесі жоспарыма әр оқушылардың іс- әрекеттерін назарда ұстауды енгіздім.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Танып білу» стратегиясы.
2. «5+5+1» әдісін орындау барысында оқу табысты болды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2. Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Сабақ барысында мен сынып оқушыларының көңілі көтеріңкі болуы, яғни сабақтың қызығушылығын ояту кезеңі тиімді болғанда сабақтың барысы мақсатты түрде алдыға жылжитынын түсіндім. Сонымен қатар, жекелеген оқушыларға, әсіресе белсенділігі төмен оқушыларды сабаққа қамти отырып, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін ояту, тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай түрлендіріп беру келесі сабағымның сапасын арттырары сөзсіз.
|