Әдебиет пәнінен әдіс-тәсілдер



Дата08.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#124809
Байланысты:
1-топ Әдебиет тобының әдіс-тәсілдері слайды

Әдебиет пәнінен әдіс-тәсілдер

“Ақылдың алты қалпағы”

Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;

Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;

Күтілетін нәтиже: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға, проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді

Күтілетін нәтиже: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға, проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді

Ресурстар: «Алты қалпақ», постерлер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер, сауалнама,

Ресурстар: «Алты қалпақ», постерлер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер, сауалнама,


Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субъективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?
Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет
Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық, пысықтау қалпағы. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден - басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден - өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.
Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс - тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы

  • Әр топқа »Шыңғыс хан» мәтінін таратып беремін.Эдвард де Боно «6 ойлау шляпасы» әдісін қолданудың шартын түсіндіремін. Әр топтан 6жұпқа түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, скотч таратамыз
  • Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер
  • Қызыл шляпа – ішкі сезім
  • Қара шляпа – логикалық негативті ойлау
  • Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау
  • Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау
  • Көк шляпа – ойлау процесін басқару

мысалы

  • Қатысушылар:
  • Ақ қалпақ.Бағытталған оқу әдісімен сұрақтарға негізделіп берілген мәтінді оқып, өз сөздерімен Шыңғыс ханның нені меңзегенін мәтінге сүйеніп айтты.

    Сары қалпақ.Қанша жауының алдында күйрей жеңіліп тұрса да Қайыр ханың асқан төзімділігі мен көрегендігін дәлелдеді. Тарихтың қайталанбас тұлғасының өнеге істерін жеткізе білді.

    Қара қалпақ.Дастандағы сатқын Қарашоқыға шығарылған үкімді өз ойларымен өрбітті.

    Қызыл қалпақтың мақсаты болжау болғандықтан, Отырарды жаулап алу үшін қандай қитұрқы әрекет жайлы баласына айтқан тұспалын ашып бере алды.

    Жасыл қалпақ « Отырардың жан қиярлық ерлігі ...» тақырыбында шағын эссе немесе өлең шығарады.

    Көк қалпақтылар өзге қалпақтардың айтқандарын тыңдай отырып, Отырар қаласының қазақ тарихындағы орнымен қатар,әр топтың жұмысына баға берді. Барлық ойды ,идеяларды бағалап,қорытынды жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет