Тапсырма №6
1.Әдеби процестің даму стратегияларына сызба жасау слайд түрінде
2. М.Әуезов «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегін конспектілеу
25 Тақырып Әдеби процестің кезеңдері
Әдебиеттану – көркем әдебиетті, көркем әдебиеттің түп-төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым.
Әдебиет – (араб. адаб – сөз, үлгілі сөз) - өнердің негізгі түрлерінің бірі. Сөз адамның ойы мен сезімін жеткізудегі бірден-бір күшті құрал. В.Белинский: «поэзияны біреу су десе, біреулер от дейді». Әдебиет от та емес, су да емес, сөз өнері.
Көркем өнердің түрлері көп: бейнелеу өнері; мүсін өнері; сәулет өнері; саз өнері; сөз өнері. Жоғарыда айтылғандай, өнердің қай түріне де қарым – қатынастық, жаңадан жасаушылық және танымдық қызмет тән. Дегенмен де өнер түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне орай бұл сипат олардың әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. «Әдеби шығармашылық туындыларының өзіндік ерекшелігі сөздің ерекшеліктеріне байланысты және бұл ерекшелік әдеби туындыны сурет және мүсін, музыка туындыларымен салыстыра қарағанда танылады. Әрине, музыка өнері сияқты уақыттық өнерге жататын сөз өнері көрнекілік пен анықтық жағынан кеңістік өнері туындыларымен бәсекеге түсе алмайды. Алайда оның басқа өнер түрлерінен басым жақтары да бар. Суретші мен мүсінші өздерінің құралдары арқылы көзге көрінетін нәрсені ғана бейнелей алады. Адамның ішкі күйі, мінезі, олардың қарым – қатынасы анық көріне бермейді. Бұл өнер иелері белгілі бір сәтті ғана қамтып, қалғаны түрлі кейіптер арқылы ғана ашылады. Қаламгер сөз көмегімен оқырманның қиялында адамды қоршаған сыртқы дүние туралы да немесе олардың ішкі әлемі, ойы, сезімі, толғаныстары, құштарлықтары туралы да жанды бейнелер туғыза алады.
Достарыңызбен бөлісу: |