М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының»



Дата11.05.2022
өлшемі17,54 Kb.
#142359
түріСабақ
Байланысты:
1706719713Srsp1


СОӨЖ 1
Бейсенбекова Ф. КО-31
Қазақ тілін компьютер арқылы оқытудың тиімділігі. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері. Модульдік технологияны қолдана отырып, сабақ жоспарын құру. Компьютер арқылы оқытуға тапсырмалар жасау. Модульдік технология туралы С. Жанпейісова еңбегін оқып, конспектілеу. 
Компьютерді қолдана отырып, оқушының мәтінді игеру түрлері төмендегідей болып келеді: мәтінді оқушының өзінің оқуы; мәнерлеп оқыған дауысты тыңдауы; музыканы тыңдауы; лексика-грамматикалық анықтағышпен жұмыс жасауы; өзінің білімін компьютер арқылы өзі тексеруі. Осы айтылғандардың барлығы жүйелі түрде талданды. Ең алдымен, қазақ тілін мәтіндер арқылы компьютер жүйесімен оқытудың арнайь сценарийі жасалынды. Ол сценарийде компьютер арқылы оқытуда көзделетін мақсаттарға сай міндеттер көрсетіліп, алгоритмдер белгіленді.
М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді Оның мазмұны:

  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыланды руға көшу;

  3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

  5. нәтижені бағалау

Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

  1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу);

  2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру);

  3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест).

Кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат мөлшерде уақыт бөлінеді. Кіріспе бөлімде оқушылардың осы модуль бойынша алатын негізгі ұғымға, іс-әрекеттерге айрықша мән беріп, негізі ұғымдардың модуль ішінде алатын орнына көңіл бөлулерін сұраймын. Кіріспе бөлім мынандай оқу әрекеттерінен тұрады:

  • оқу-проблемалық жағдаятын жасау;

  • оқу мақсатын қалыптастыру;

  • өзін-өзі бақылау, мүмкіншілігін бағалау арқылы модульдің тақырыптарын меңгеруге дайындау;

  • модуль бойынша жұмыстарды жоспарлап, бірге талдау;

Қалған уақыт түгел сөйлеу, сұхбат құру, сұрақ жауап бөліміне беріледі.
Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай программалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау программасы); Ә) Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған программа); Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын программа); В) Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған программа); Г) Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға үйрететін программа); Д) Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру программасы); Е) Юнилекс (Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау программасы); Ж) Гэпмастер (жіберілген бос орындарды толтыруға дағдыландыру программасы); 3) Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған программа); И) Спидрид (оқушыны шапшаң оқуға дағдыландыратын программа); К) Сториборд (мәтінмен жұмыс жасауға арналған программа); Қ) Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған программа). Дидактикада оқыту процесіне сәйкес маңызды орын алатын - кері байланыс. Кері байланыс, әсіресе, оқушы үшін маңызды деп санаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет