Әдебиеттануға кіріспе



бет17/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

8 Мазмұн мен пішін

Дүниедегі қандай бір бір заттар мен құбылыстар болса да мазмұн мен форманың тұтастығынан тұратындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген жай. Көптеген ғалымдар көркем шығарманың мазмұны мен формасын бір-бірінен бөлмей, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірімен – бірі тығыз байланысты, бір нәрсенің екі қасиеті деп біледі. Мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды айқындайды, яғни форма мазмұнды жарыққа шығарады, оны жұртшылыққа түсінікті айқын етіп жеткізеді. Сонымен әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеясының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Мазмұн әлеуметтік категорияға жататындықтан да, қоғам өзгеруіне орай ол да өзгеріп, жаңа сипат алып отырады. Жаңа мазмұн жаңа форманың тууын талап етеді. Бірақ жаңа форма бір дегеннен туа қалмайтындықтан да алғашқы кездерде жаңа мазмұнның өзі уақытша болса да ескі форма арқылы көрініп отырады. Осы кезде мазмұн мен форма арасында алшақтық тууы да мүмкін. Жаңа мазмұнды ескі форма айқын көрсете алмаса, оның маңызын жояды. Мұндай жағдайда жаңа мазмұнға жаңа форма керек. Жаңа мазмұн жаңа форманы туғызғанда бұрынғы бар ескі формалардың негізінде, өңделіп, жарық көріп отырады. Сонымен жаңа форма бұйрықпен немесе жеке адамдардың тілегі бойынша жасалынбайды. Ол қажеттіліктен, творчестволық іздену арқылы бірте–бірте жасалады. Әдебиеттің көркем формасы әр халықтың өмірі, тіршілігі, мінез өзгешеліктері, әдет- дәстүрлерімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде жалпыға ортақ әдебиет формасы саналатын жәйттер бір кезде мазмұн болған. Мысалы, қайта өрлеу кезінде пайда болған новелла жаңалық, хабар сипатында көрінген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет