КІРІСПЕ
«Әдебиеттануға кіріспе» курсында әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық); әдеби шығарманың сыры мен сипаты (әдебиеттегі мазмұн мен пішін, көркем әдебиеттің тілі, сөз сарасы); әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт) толық сипатталады.
«Филология» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған оқу - әдістемелік құрал кредиттік технология жүйесімен білім алуда қосымша құрал ретінде ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралда оқу процесiнiң мазмұнын тереңiрек ашу үшiн бағдарлама бойынша оқу материалдары іріктеліп ұсынылған және әрбір тақырыптың соңында студенттің білімін толықтыру мақсатында түрлі тапсырмалар, анықтамалық мәліметтер берілген.
Бұл мәліметтер тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағлұмат берiп қана қоймай, студенттiң өзiнiң ой-өрiсiн одан әрi дамытып, ойлану, iздену қабiлетiн жетiлдiруге ықпал ететiн механизм болып табылады. Сондай-ақ, студенттердің материалды қаншалықты игергенін өздігінен тексеру үшін тест тапсырмалары ұсынылған.
Пән бойынша ұсынылған қосымша материалдар студенттiң берiлген тақырыпты неғұрлым терең игерiп, айқын түсiнуiне көмек көрсету мақсатын көздейдi. Тақырыпты терең меңгеру үшiн дайындалу барысында тек дәріс тезистерiмен шектелiп қою жеткiлiксiз. Бұл ретте студенттiң тақырып бойынша өз бетiмен iзденiп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша жұмыс iстеуi қажет болады.
Оқу - әдістемелік құрал «Әдебиеттануға кіріспе» пәнiнiң типтiк оқу бағдарламасы негiзiнде, тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |