Әдебиеттануға кіріспе


Жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады



бет20/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Жаңа мазмұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу бар да, құр пішінділікке (формализмге) салыну өз алдына басқа.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен форманың бірлігі – оның эстетикалық бағалылығы.

Әдебиеттегі мазмұн мен форманы көркем шығармаға көшірсек шығарма мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да форма - әдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі.


?! Тапсырмалар

  1. Ұсынылған үлгі бойынша өз мысалдарыңызды келтіріңіздер:




Шығарма

Мазмұны

Пішіні

С. Мұқановтың «Ботакөз» романы

Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

Көркем жинақталған әдеби қаһармандардың (Асқар, Ботакөз, Амантай және т.б.) күрес пен

тартысқа толы тағдыр тіршілігі






  1. Бір мазмұнның бірнеше пішіні болатынына дәлел келтіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет