Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.
1.Ауыз әдебиеті үлгілері: бесік жыры, төрт түлік туралы жырлар, жұмбақтар және жаңылтпаштар, түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер (өнер, білім, тәрбие, еңбек, ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік, жақсылық және жамандық, достық және т.б.); қазақ және басқа да халықтар ертегілері; аңыз әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер; шешендік сөздер, нақыл сөздер; батырлар жыры; айтыс түрлері.
2.Жазба балалар әдебиеті үлгілері: қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ж.Смақов, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Мәуленов, Ө.Тұрманжанов, Н.Айтов, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Б.Ысқақов, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, С.Бегалин, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев, М.Төрежанов, С.Шаймерденов және т.б.), орыс және әлем классиктерінің (Л.Толстой, Ш.Айтматов, А.Гайдар және т.б.) шығармалары; жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер; ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
3.Әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, наным–сенім өлеңдері, тұрмыс–салт жырлары, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал–мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу, метафора қолданысы, олардың анықтамалары,
кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы балалардың түсініктеріне сай анықтамалар.
4. Мәтінмен жұмыс: мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату; өздігінен мәтінді бөлімдерге бөлу және атау; әр бөлімнің және тұтас шығарманың (мұғалімнің көмегімен және өздігінен) басты ойын бөлу; қарапайым жоспар құрастыру (қарапайым жоспар нұсқасы: жоспардың пункттері – хабарлы сөйлемдер; сұрақтардан тұратын, мәтіндегі сөйлемдер арқылы құрастырылған жоспар); мұғалім немесе оқушылардың құрастырған жоспарын мәтін құрылымымен сәйкестендіру; өздігінен кейіпкер туралы жоспар құрастыру; мәтін бойынша алдын-ала құрастырылған сұрақтарға, оқыған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру; өздігінен мәтінге сұрақтар құрастыру, оқу барысында мазмұнды болжау; тақырып атауы, иллюстрация және түйін сөздер негізінде мәтін мазмұнын болжау; өздігінен тақырып атауын ойластыру; қандай да бір ойды дәлелдеу үшін және нақты тапсырма бойынша таңдап оқуды қолдану; мәтінді сахналау; авторлар жөнінде қосымша деректер жинау; сөздіктермен жұмыс жасау; шығармашылық жұмыстар: өлең, мәтін құрастыру және т.б.
5.Оқу дағдысы. Іштей және дауыстап сөздерді тұтас мәнерлеп, дұрыс, саналы, жылдам оқу. Сөйлем құрылымына сәйкес келетін, дауыс ырғағын, қарқын, үнін, екпінін таңдап оқу.
Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:
шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;
нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;
мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;
көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;
көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;
мәтінге түрліше жоспар құруды;
мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;
мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;
оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;
шығармадағы негізгі ойды табуды;
шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;
мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.
Оқушылар меңгеруі қажет:
ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат
№
|
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Сөздік жұмысы
|
Шығармашылық тапсырма
|
Үйге тапсырма
|
Мерзімі
|
1-тоқсан 9х4=36 сағат
|
|
|
Талаптан да, білім мен өнер үйрен
|
16
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
Әліппенің атасы. (Ахмет Байтұсынов шығармалары жинағынан)
|
1
|
Жер аудару, сөз мұрасы
|
Әр шардың түсіне мән бер. Неліктен солай екенін түсіндіріп көр
|
5-6-бет т.а, сөздік
|
|
|
2
|
2
|
А.Байтұрсынұлы. Оқуға шақыру
|
1
|
Іздеп тауып алалық
|
«Даналық – өшпес байлық» деген жолдағы ақын ойын сызба арқылы көрсету
|
6-7-бет м.о, сөздік
|
|
|
3
|
3
|
С.Мәуленов. Дала жұлдызы
|
1
|
Қараңғы
|
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру
|
9-10-бет т.а, сөздік
|
|
|
4
|
4
|
Ы.Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар
|
1
|
|
Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек?
|
11-12-бет м.о
|
|
|
5
|
5
|
М.Әуезов. Әке арманы
|
1
|
|
Мәтінді бөліктерге бөліп, әрбір бөлікке ат қой.
|
13-15-бет т.а
|
|
|
6
|
6
|
Абай. Адам болам десеңіз
|
1
|
|
Өлеңге сүйеніп, сұрақтарға жауап беру
|
18-бет жатт
|
|
|
7
|
7
|
М.Дулатов. Қырдан келген жас қазақ
|
1
|
|
Көкшіл түспен жазылған кісі аттарына мән бер.
|
19-20-бет т.а
|
|
|
8
|
8
|
Ауылға келген мұғалім
|
1
|
|
Қазіргі мектептердегі оқу көрінісінің суретін салу
|
21-22-бет т.а
|
|
|
9
|
9
|
М.Гумеров. Күмән
|
1
|
|
Көбелекті терезені сындырмай ұстап алудың амалын тап
|
24-25-бет т.а
|
|
|
10
|
10
|
Қ.Мырза Әли. Мұғалима
|
1
|
Бір тал шашы ағарған
|
Өз ұстазың туралы өлең құрастыр
|
26-27-бет жатт
|
|
|
11
|
11
|
Н.Ғабдуллин. Дос сөзі
|
1
|
Нәуетек
|
Әңгімені өз бетіңше жалғастырып әңгімеле
|
27-29-бет т.а
|
|
|
12
|
12
|
Б.Ысқақов. Кім жүйрік?
|
1
|
|
Суреттер бойынша жұмбақтар құрастыру
|
31-бет рөлге бөліп оқу
|
|
|
13
|
13
|
Т.Молдағалиев. Мамандық таңдау
|
1
|
|
Өзің кім болғың келетіні жайында әңгімеле
|
32-бет м.о
|
|
|
14
|
14
|
Қ.Аманжолов. Ұшқыш болғым келеді
|
1
|
|
Салыстыру
|
33-бет қалаған шумағын жатт
|
|
|
15
|
15
|
Р.Босилек. Жақсылардың жақсысы
|
1
|
Шар айналар
|
Сызба бойынша еңбек және білімді сипаттау
|
34-35-бет т.а
|
|
|
16
|
16
|
Ш.Құдайберді ұлы. Адамдық борышың
|
1
|
Тұл
|
Көкшіл түспен жазылған сөздерге қарсы мағыналы сөз жазу
|
36-б жаттау
|
|
|
|
|
Маужырап барқыт қоңыр күз
|
10
|
|
|
|
|
|
17
|
1
|
Т.Жароков. Ауыл күзі
|
1
|
|
Күз мезгілінің суретін салу
|
38-бет жатт
|
|
|
18
|
2
|
И.Бази. Жеміс бағында
|
1
|
|
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру
|
39-40-бет т.а
|
|
|
19
|
3
|
Ә.Табылды. Күздің кереметі
|
1
|
|
Омар ата көрсеткен жемістерді пішіні неге ұқсайды? Сурет салу
|
41-43-бет т.а
|
|
|
20
|
4
|
Е.Салықов. Күзгі орманның көріністері
|
1
|
|
Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу
|
45-47-бет т.а
|
|
|
21
|
5
|
Шығарма. «Ауыл күзі»
|
|
|
|
|
|
|
22
|
6
|
Абай. Шегіртке мен құмырсқа
|
1
|
|
Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта
|
45-бет рөлге бөліп оқу
|
|
|
23
|
7
|
Егінші мен қасқыр. Литва ертегісі
|
1
|
|
Тағамдардың дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле
|
50-51-бет т.а
|
|
|
24
|
8
|
Ғ.Қайырбеков. Қомбайншы
|
1
|
|
Комбайншы еңбегі туралы әңгімелеу
|
51-бет жатт
|
|
|
25
|
9
|
В.Сухомлинский. Қатқан нан
|
1
|
|
«Нансыз өмір жоқ» шығарма жазу
|
52-бет т.а
|
|
|
26
|
10
|
І.Жансүгіров. Малта
|
1
|
Жұмыршақ, сөре, өре, шым-шым су, сыбану
|
«Қыс азығын жаз жина» деген мақалдың мәтінге қатысы бар ма екенін дәлелдеп көр
|
53-54-бет т.а
|
|
|
|
|
Туған елім, туған жерім
|
15
|
|
|
|
|
|
27
|
1
|
Астана – бас қала
|
1
|
Руда
|
Астананың суретін салу
|
56-59-бет т.а
|
|
|
28
|
2
|
Еліміздің мемлекеттік рәміздері
|
1
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының белгілерін атап бер
|
59-62-бет т.а
|
|
|
29
|
3
|
Гимн
|
1
|
|
Гимнды айту
|
63-64-бет жатт
|
|
|
30
|
4
|
Ш.Құдайберді ұлы. Бостандық таңы атты
|
1
|
|
Ақыл сөздің өлеңге қатысы бар екенін дәлелде
|
64-бет м.о
|
|
|
31
|
5
|
М.Мақатаев. Үш бақытым.
|
1
|
|
Сенің ойынша «Үш бақытқа» нелер жатады?
|
66-бет жатт
|
|
|
32
|
6
|
Д.Әбілов. Туған тілім
|
1
|
|
Екі өлеңді салыстыру
|
66-бет жатт
|
|
|
33
|
7
|
С.Сейфуллин. Туған ел.
|
1
|
|
Табиғат-ана деген тіркестегі ой мен сурет арасында байланыс бар ма?
|
68-бет әңгімелеу
|
|
|
34
|
8
|
Мазмұндама
|
1
|
|
|
|
|
|
35
|
9
|
Б.Соқпақбаев. Сен ұйықтап жатқанда.
|
1
|
|
Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу
|
69-70-бет т.а
|
|
|
36
|
10
|
Өз біліміңді тексер.
|
1
|
|
Тест жұмысы
|
|
|
|
2-тоқсан 7х4=28 сағат
|
1
|
11
|
С.Мәуленов. Мен елімді сүйемін.
|
1
|
|
Мәтін бойынша сурет салу
|
72-бет т.а
|
|
|
2
|
12
|
М.Сәрсеке. Рәсім
|
1
|
Рәсім
|
Мәтін бойынша өзің қандай сурет салар едің?
|
73-75-бет т.а
|
|
|
3
|
13
|
М.Шаханов. Достық өлкесінің заңы
|
1
|
|
Соңғы жолын көшіріп жазу, өз ойың айту
|
76-77-бет м.о
|
|
|
4
|
14
|
Құстар айтысы. Үнді ертегісі
|
1
|
|
Бұқар жыраудың термесін өз бетіңше жалғастыру
|
78-79-бет т.а
|
|
|
5
|
15
|
М.Шаханов. Төрт ана
|
1
|
|
Өлеңді сызбаға сүйеніп талдау
|
79-бет м.о
|
|
|
|
|
Ата-бабам тарихы – менің тарихым
|
15
|
|
|
|
|
|
6
|
1
|
Халық қорғаны. Ел аузынан
|
1
|
Шұбырынды, жасақ, ақылгөй, жарақ, жарым, пырақ
|
Суретке ат ойлап тап. Сурет бойынша әңгіме құра.
|
81-82-бет т.а. реферат жазу
|
|
|
7
|
2
|
Алмас қылышты ардагер. Ел аузынан
|
1
|
Мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, буырқану
|
Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипаттау
|
83-бет т.а. реферат жазу
|
|
|
8
|
3
|
М.Әбсемет. Ақжолтай Ағыбай батыр.
|
1
|
|
Мәтінді өліктерге бөліп, ат қою
|
84-85-бет т.а
|
25
|
|
9
|
4
|
Қ.Жұмалиев. Махамбет пен Жақия
|
1
|
|
Махамбеттің Жақияны қайтару үшін жасаған іс-әрекетіне баға бер
|
86-88-бет т.а реферат жазу
|
26
|
|
10
|
5
|
Н.Байғанин. Амангелді батырым З.Шашкин. Азаттық жолында
|
1
|
|
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастыру
|
89-бет жатт
89-92-бет т.а
|
28
|
|
11
|
6
|
Б.Майлин. Күлпаш
|
1
|
Өрім-өрім, бөкебай, азғырық, өлмелі кедей
|
Мәтіндегі қою қарамен жазылған сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құра
|
93-95-бет т.а
|
30
|
|
12
|
7
|
С.Торайғаров. Кедей
|
1
|
|
Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?
|
96-бет м.о
|
2.12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |