Әдебиеттік оқу түсінік хат



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,57 Mb.
#448
  1   2   3   4
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 23 тамыз 2012 жылғы № 1080 бұйрығымен бекітілген ҚР Стандартына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасына, «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына және № 21 орта жалпы білім беретін мектебінің оқу жоспарына сәйкес жасалынды.

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.



Пәнінің мақсатыдұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәнінің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, көркем-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, рухани-мәдени, ұлттық-әлемдік құндылықтарды барынша бағалап, құрметпен қарауға үйрету мақсатында жүзеге асырылады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің сөздік қорын басқа пән терминдері арқылы байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын тигізеді.

1) Қазақ тілі: жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау; сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру; жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау; жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу); жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау.

2) Математика: сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану; тілді математикалық терминдермен байыту;

3) Дүниетану: қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану; топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану.

4) Музыка: қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау; музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау; ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу; өлеңдерге сай әуендер ойлап табу; мәтіндердегі автордың көңіл-күйін байқау; ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау; көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну.

5) Бейнелеу өнері: суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту; сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдір; суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру; сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану; эстетикалық тәрбие беру.

6) Еңбекке баулу: еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу; еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату; қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы жүзеге асырылады.
Базалық білім мазмұны:
Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:


Талаптан да, білім мен өнер үйрен

16 сағат




Жақсыдан үйрен

15 сағат

Маужырап барқыт қоңыр күз

10 сағат




Масатыдай құлпырар жердің жүзі

10 сағат

Туған елім, туған жерім

15 сағат




Табиғат – менің өз үйім

15 сағат

Ата-бабам тарихы – менің тарихым

15 сағат




Жаздыгүн шілде болғанда

12 сағат

Туған жерге қыс келді

10 сағат




Сарқылмас қазына

18 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет