Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс
жазу
Оқу мақсаты
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтінді жаңа кейіпкерлер/ оқиғалар қосу арқылы
өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
•
Мәтінге басқа кейіпкерлерді қосып, оқиғаны аяқтап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге жаңа кейіпкерлер мен оқиғалар қосып,
жетілдіреді;
- оқиғалардың логикалық байланысын сақтайды;
- каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, ұқыпты
жазады.
13
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау және лексикалық, орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Құрылымы қате берілген мәтінді қалыптастырып
жазады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтін бөліктерінің ретін анықтап, 1,2,3,4 цифрларымен белгілеп көрсет. Мәтіннің соңғы бөлімін
көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Қоңыр күз. Күн көзі көрінгенімен, ауа салқын. Есік алдындағы жиде әбден
піскен. Көрші үйдегі әжей кішкентай Нұргүлді шақырды.
Жиде ағашының қол жетер жеріндегі өнімін екеулеп әп-сәтте теріп алды. Содан
соң әжей жиде ағашын қолымен сілкіп-сілкіп қалып еді, жоғарғы жақтаға
жиделер жерге топ-топ етіп түсе бастады.
– Келе ғой, Нұргүл. Жидені теріс. Бір өзім үлгере алар емеспін. Биыл өте көп
салыпты – деп, Нұргүлді демде-ақ жанына үйіріп алды.
– Жарайды, әже. Көмектесемін – деп Нұргүл үлкен тостаққа жидені теріп сала
бастады.
|