«Әдебиеттік оқу» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН ........................................................................................................................................... 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ................................................................................................. 4
Бөлім: Оқылым .............................................................................................................................. 7
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 15
ІІ тоқсан ............................................................................................................................................. 18
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 18
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 22
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 29
ІІІ тоқсан ........................................................................................................................................... 30
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 30
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 35
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 41
ІV тоқсан ........................................................................................................................................... 43
Бөлім: Тыңдалым және айтылым ............................................................................................... 43
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................ 45
Бөлім: Жазылым .......................................................................................................................... 48
І ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты
4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір
тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын
анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Шығарманың мазмұнына қатысты нақтылау
сұрақтарын қояды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Сұрақтарға жауап бер.
Аружан достарына өз елін қалай таныстырды?
Қазақ халқы «қонақжай халық» дегенді қалай түсіндіресің?
Жұптық жұмыс
Кестеге мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жаз. Кестені жұбыңмен алмастырып, оның
қойған сұрақтарына жауап жаз.
Сұрақ
Жауап
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкердің өз елі туралы айтқан пікірін толық баяндайды;
- берілген сөз тіркесінің мағынасын түсіндіреді;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Бөлімше 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
Оқу мақсаты
4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі
негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін
түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбы мен соңғы бөлімі бойынша
оқиғаны болжайды және негіздейді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбына берілген диалогтің соңғы бөлімін мұқият
тыңда. Бұл кімдердің арасындағы диалог болуы мүмкін? Олар бұл диалогте не туралы
әңгімелесті деп ойлайсың?
Диалогтің тақырыбы мен соңғы бөліміне сүйеніп, мәтіннің мазмұнына болжам
жаса. Өз болжамыңды негіздеп, түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі сюжеттің мазмұнына сәйкес болжам жасайды;
- өз болжамын негіздеп, дәлелді пікір айтады.
Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту
Оқу мақсаты
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар,
көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану,
презентация, видеоролик жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көрнекі құралдардың негізінде сөйлейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер мен ғаламтор желісін қолданып, Қазақстан мемлекеті туралы коллаж
немесе презентация жаса. Өз жұмысыңды таныстыра отырып, әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес коллаж/перзентация құрастырады;
- өз жұмысының негізінде мәтін құрап айтады.
Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану
Оқу мақсаты
4.2.1.1 Шығарманы дауыстап, түсініп, рөлге бөліп,
мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқиды
Мәтіннен қажетті ақпараттарды табады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді рөлге бөліп оқы.
Мәтіннің кейіпкерлері не туралы әңгімелесті?
Мәтін кейіпкерлеріне тән қасиеттерді анықтап, теріп жаз.
Әділет
Досан
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінді өз рөлін сақтап, мәнерлеп оқиды;
- мәтіннің мазмұнына қатысты сұраққа жауап береді;
- кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді анықтайды.
Бөлімше 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
4.2.2.1 Шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға
және бағалауға негізделген сұрақтар қою және
жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін бойынша түсіндіру, бағалау сұрақтарын
құрастырады және жауап береді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мысалды түсініп оқы.
Мәтін мазмұны бойынша «неліктен?», «.... себебі неде?», «... туралы ойыңыз қандай?»
т.б тіркестерді қолданып, түсіндіруге, бағалауға бағытталған сұрақтар құрастыр және
жауап бер.
Сұрақ
Жауап
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша түсіндіруге/ бағалауға бағытталған
сұрақтар құрастырады;
- сұрақтарға толық жауап береді.
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен
келтіре отырып дәлелдеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қояды
Автордың ойына мәтіннен дәлелдер келтіреді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мысалды түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Мысал арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?
Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, дәлелде.
Мәтінге тақырып қой.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды;
- мәтіннен негізгі ойды білдіретін тұсты тауып, негіздейді;
- мәтінге тақырып қояды.
Бөлімше 2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Оқу мақсаты
4.2.4.1 Аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры,
фантастикалық
әңгімелердің
жанрлық
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ерекшеліктері бойынша мәтіннің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
Мәтіннің жанрын анықтап, белгіле ().
Оны қандай ерекшеліктері арқылы анықтауға болады? Түсіндір.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
фантастика
аңыз
шешендік сөз
батырлар жыры
Бөлімше 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
Оқу мақсаты
4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-
құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып,
салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кейіпкердің
бойындағы,
іс-әрекетіндегі
өзгерістерді түсіндіреді
Мәтіннің кейіпкерлеріне қатысты көзқарасын
білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Бастапқыда қарлығаштар неліктен мазасыздана ұшты?
Олардың кейіннен тынышталуына не себеп болды?
Балалардың жасаған әрекетіне сәйкес жауапты белгіле
А) жауапкершілік
В) еңбекқорлық
С) қамқорлық
D) батылдық
Балалардың іс-әрекетін қалай бағалар едің? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- қарлығаштардың іс-әрекетіндегі өзгерістерді түсіндіреді;
- балалардың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, негіздейді.
Бөлімше 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
Оқу мақсаты
4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды
(теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу)
табу және оларды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннен теңеу/ кейіптеу/ эпитетсөздерді
анықтайды
Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Мәтіннен көркемдегіш сөздерді тауып, кестеге жаз.
теңеу
кейіптеу
эпитет
Теңеу сөздерді қолданып сөйлем құрап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен теңеу сөздерді табады:
- мәтіннен кейіптеу сөздерді табады;
- мәтіннен эпитет сөздерді табады;
- теңеу сөздерді мағынасына сәйкес қолданып, сөйлем
құрастырады.
Бөлімше 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты
4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,
өңдеу және тұжырым жасау және себеп-
салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дереккөздерден қажетті ақпараттарды табады
Ақпараттарды өңдейді, байланысын анықтайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
Мәтіннен бала Абайдың қандай шығармалар оқығаын тауып, көшіріп жаз.
Бала Абай неліктен әжесіне күнде бір әңгіме айтатын болды?
Мәтіндегі оқиғалардың байланысын сызбаға түсіріп көр.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтіндегі оқиғалардың байланысын сызба түрінде көрсетеді.
Абай Қарқаралыдан қайтып келген соң, күндіз-түні кітап оқыды. Оқыған
кітаптарынан көп асыл бұйымдар тапты. Абай тарихи кітаптар мен Шығыстың
дастан, хикаяларын бас алмай оқыды. Кешкі шайдан соң Абай кейбір оқып шыққан
кітаптарын үй ішінде әңгімелеп айтатын. Зере Абайдың кітапқа ықыласын байқап:
- Қарағым, осының ақыл. Осы ала қағазыңнан айырылма. Басқа балаларға ұқсама, -
деді.
Абай әжесінің сөзіне разы болып, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды.
Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін
анықтап, оны бөліктерге бөлу, әрбөлікке ат
қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Мәтінге ат қойып, жоспар құрады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөліктердің алдына Z таңбасын қой.
Әр бөлікке тақырып қой және жоспар құр.
Бөлім
Тақырып
Жоспар
1-бөлім
2-бөлім
3-бөлім
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- әр бөлімге сәйкес тақырып қояды;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес жоспар құрады.
Бөлімше 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс
жазу
Оқу мақсаты
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінді жаңа кейіпкерлер/ оқиғалар қосу арқылы
өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіннің үзіндісін түсініп оқы.
Мәтінге басқа кейіпкерлерді қосып, оқиғаны аяқтап жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге жаңа кейіпкерлер мен оқиғалар қосып,
жетілдіреді;
- оқиғалардың логикалық байланысын сақтайды;
-каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, ұқыпты
жазады.
Бөлімше 3. 4 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын,
стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан
бағалау және лексикалық, орфографиялық,
пунктуациялық қателерді тауып түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
Құрылымы қате берілген мәтінді қалыптастырып
жазады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтін бөліктерініңретін анықтап, 1,2,3,4 цифрларымен белгілеп көрсет. Мәтіннің соңғы бөлімін
көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
Қоңыр күз. Күн көзі көрінгенімен, ауа салқын. Есік алдындағы жиде әбден
піскен. Көрші үйдегі әжей кішкентай Нұргүлді шақырды.
Жиде ағашының қол жетер жеріндегі өнімін екеулеп әп-сәтте теріп алды.
Содан соң әжей жиде ағашын қолымен сілкіп-сілкіп қалып еді, жоғарғы
жақтаға жиделер жерге топ-топ етіп түсе бастады.
– Келе ғой, Нұргүл. Жидені теріс. Бір өзім үлгере алар емеспін. Биыл өте көп
салыпты – деп, Нұргүлді демде-ақ жанына үйіріп алды.
– Жарайды, әже. Көмектесемін – деп Нұргүл үлкен тостаққа жидені теріп сала
бастады.
ІІ ТОҚСАН
Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау
Оқу мақсаты
4.1.2.1*Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін
(І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы
қысқаша, толық, ішінара мазмұндау
Достарыңызбен бөлісу: |