1 -тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу



Дата22.10.2019
өлшемі64 Kb.
#50514
Байланысты:
СОЧ 7-кл

1 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40- минут

Тыдалым-8 минут

Оқылым-12 минут

Жазылым-20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны : 30


Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар





*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар

түрлері


*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау

уақыты, мин



Балл

1-4

7.1.4.1 Повестердің және лирикалық поэзиялық

шығармалардан үзінді

тыңдау, тақырыбы мен

идеясын талдау



Көп таңдауы

бар сұрақтар



Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар

144 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды. (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұны мен идеясына негізделген екі тапсырманы орындап, данышпан сөздерін ретімен орналастырады, мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді белгілейді. Үшінші дұрыс ақпараттарды табады. Білім алушылардың мәтін идеясын түсінгені бағаланады.



8

5

5-8

7..3.6.1 Тақырып бойынша

деректер қолдана отырып

мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу


Қысқа

жауапты қажет

ететін сұрақтар


Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар

тақырыпқа қатысты 188 сөзден тұратын

мәтінді оқиды. Мәтін бойынша тест тапсырмасын орындап, үш нұсқаның ішінен 1 дұрыс жауапты белгілейді, сөздердің синонимдерін табады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын

түсінгенін бағалайды.



12

5

9

7.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-

келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу

7.5.1.1. Мәтіндерден

көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану



Жазбаша толық

жауапты қажет

ететін сұрақтар


Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар

берілген тақырыпқа 150 сөзден тұратын эссе

жазады. Көмекші есімдерді орынды қолданады.


20

10

10

7.2.2.1. Кеңес беру, ұсыныс

жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі

формалары мен

жағдаяттарына сай ұлттық

сөз әдебі мен сөйлеу

этикеті формаларын

қолдана білу


Толық жауап

ты қажет ететін сұрақ

тар


Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушылар үш тақырыптың бірін таңдап, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш формаларында 2 минут диалогке түседі (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).

Мұғалім оқушының берілген тақырыпты

түсініп, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті

формаларын қолдануын бағалайды.




Тыңдалым

сабақтан тыс, қосымша

уақытта

өткізіледі (әр



білім

алушыға 3-5

минут

беріледі)




10

Барлығы

40 минут

30



Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.



1. Мәтіндегі данышпанның қанатты сөзін ретімен орналастырыңыз.

Ертеңгі күн белгісіз.




Сондықтан, бүгінгі күннің құны мен қадірін біл.




Кешегі күн өтіп кетті .




[1]

2. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді белгілеңіз.

Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алады.

Сағат зымырап өтіп жатыр.

Уақыттың қадірін білу керек. [1]

3. Дұрыс жауапты белгілеңіз



Ақпарат

дұрыс

бұрыс

1

Мәтінде ана тілін құрметтеу туралы айтылады







2

Уақытты дұрыс жоспарлау керек







3

Уақыт бір орнында тұрады







4

Мәтінде уақыттың қымбат екені айтылады







5

Әр күннің, әр сағаттың қадірін білу керек







[3]

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 жылы Лондонда дүниеге келеді. Оның ата - бабаларының фамилиясы Фо болған , жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның тұңғыш романы «Робинзон Крузо» оны дүниежүзілік даңққа бөледі.  «Робинзон Крузо» романы Лондонның әдеби өмірінде бір ғажап оқиға болды: дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның өмірі және таңғажайып хикаялары» атты романы түсті. Кітаптың құны ер адамның костюмі немесе жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады.



Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реалдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.
Даниэль Дефоның ең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға.
Жастайынан теңізді сүюші Александр Селькирк қарақшылардың кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас - а - Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді.

Кеме  теңізде  апатқа  ұшырап, жалғыз  өзі  белгісіз  аралға  шығып  қалған  Робинзонның  28 жыл  бойы  жалғыздықтың  жапасын  шеккен  өмірі  шытырман  оқиғалы. Сондықтан  Даниэл  Дефоның  «Робинзон  Крузо» романы  әлем әдебиетінің  ең  озық  үлгілерінің  біріне  айналды.

Бұл  кітап – «Мәңгілік  кітаптар» қорына  енген, дүние  жүзіне  мәлім  шығарма.

[https://www.tarbie.kz/sabak/859]

(188 сөз)

1.Дұрыс жауапты белгілеңіз.

«Робинзон Крузо» романының авторы - А.Пушкин Д.Дефо Ш. Айтматов

[1]


2. Дұрыс жауапты белгілеңіз.

"Робинзон Крузо" романы қандай кітап?

"Мәңгілік кітап" "Қызыл кітап" "Көне кітап"

[1]


3. Берілген тіркесті синоним сөзбен алмастырып жазыңыз.

кітаптың құны_______________________________________________________

дүние жүзіне мәлім_____________________________________________________

тұңғыш роман ________________________________________________________

[3]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (əр оқушыға 2 минут). Ұлттық сөз əдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.


Диалог тақырыптары

  1. Ана тілім - азығым

  2. Уақытты тиімді өткізудің сыры неде?

  3. Ғаламдық экологиялық проблемалар туралы не білеміз?

[10]

Жазылым

"Атырау – экологиялық аймақ " тақырыбында көмекші есімдерді қолданып, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз

[10]

Уақыт – өмір, уақыт - алтын



Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тұрмақ емес. Бір данышпанның мынадай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті . Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан, бүгінгі күннің құны мен қадірін біл.» Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт – дүниедегі ең қымбат нәрсе.

Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтқысыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игіліктер жасауы керек.

Жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп, бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. https://vikidalka.ru/2-5548.html

(144 сөз

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды



Жауап

Балл

Тыңдалым










Оқылым

1

Д.Дефо

1




2

Мәңгілік ітап

1




3

Кітаптың бағасы

Әлемге әйгілі

Алғашқы роман


1

1

1






5


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет