Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет71/89
Дата05.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#15828
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы



Тәрбиеші: Қапарова Ж.У.
Білім саласы: Қатынас
Сабақтың түрі: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен қоян» орыс халық ертегісі
Мақсаты: ертегінің мазмұнын айтуға, сөздерді буынға бөлуді үйретуді жалғастыру. Ауызекі сөйлей білуге дағдыландыру, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту, балаларды батырлыққа, өжеттілікке, бір‑біріне жақсы тілек айта білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: айлакер, жәутік.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үнтаспа, ойын барысында қолданылатын демонстрациялық материалдар.
Билингвальды компонент: түлкі – лиса, қоян – заяц, қасқыр – волк.



Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері. Музыка әуенімен балалар келеді.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? Қыстың қандай ерекшеліктері бар еді?

  • Ал, қазір қыс мезгілінің соңғы ақпан айы, бұл күндер ақпан айының соңғы күндері.

  • Енді бізге қандай жыл мезгілі келеді?

  • Көктем мезгілі келетінін қайдан білесіңдер?

Есік қағылып, орманшы атай кіреді.

  • Сәлеметсіз бе, орманшы атай!

  • Амансыңдар ма, балалар! Сендер менің ағаштарым жайлы айтып жатырсыңдар ма? Құлағым шалып қалды.

  • Ал, сендер қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер?

  • Мінекей, менің қолымда сиқырлы ағаштарымның суреті бар, солардың астында тапсырмалар берілген. Егер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сендерді күн жылынғанда орманға саяхатқа шақырамын. Түрлі ағаштарды көрсететін боламын. Сендер олармен жақынырақ танысатын боласыңдар. Ал, қазір менің жұмысым көп, кетуім керек. Сау болыңдар, балалар.

– Балалар, мына әр ағаштың астында жасырылған тапсырмалар бар көрінеді. Қызық, мынау хат па, конверт сияқты, ішінде не жазған екен? (ашып оқу). Ағаштың астындағы тапсырмаларды орындауларың үшін алдымен мына жұмбақтардың шешімін табыңдар.


Ендеше жұмбақтарды оқиын.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?

Көзі тостақ, өзі қорқақ.


Дұрыс айтасыңдар, айлакер түлкі мен қорқақ қоян.



Балалар шаттық шеңберін жасап, қонақтармен амандасады.

– Қыс мезгілі.


– суық, аязды, боранды, қарлы.


– Көктем мезгілі келеді.

Орманшы атаймен амандасады.


– Аққайың, шырша, терек, тал, бәйтерек, алма ағашы.






  • Сау болыңыз.

Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.


1. Түлкі



2. Қоян



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет