– Қандай ертегімен таныстыңдар?
Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге жиналып, өздері жабайы аңдардың рөліне еніп, адамдарға тілек білдіреді.
Балалар, сонымен орманшы атайдың ағаштарындағы тапсырмаларын орындадық. Енді күннің жылуын күтейік.
Келген қонақтарға балалар сыйлықтарды таратады.
Мен аю – адамдар көп бал жеп жүріңдер, сонда ауырмайсыңдар.
Мен қоян – өзімнің жүйріктілігімді тілеймін.
Мен тиін – ақкөңілділігімді тілеймін.
Мен қасқырмын – батылдылығымды тілеймін.
Мен түлкімін – өзімнің әдемілігімді тілеймін.
Мен де түлкімін – бірақ мен сияқты айлакер болмаңдар.
Мен аюмын – мен сияқты аңқау болмаңдар.
Мен қоянмын – мен сияқты сәбізді көп жеңдер.
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз. Табиғатты сүйеміз, Қамқорлықпен қараймыз.