Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет85/89
Дата05.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#15828
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89

Қорытынды





ӨТТШТ-ң басқа қандай да болсын әдістерден принципті ерекшелігі – бұл жекеше тәсілдер, іс-әрекет, дағды жинағы емес, оның қалыптасуы да емес, бұл жаңа әдіс ойлап шығаруға талпыну. Сол әдіс арқылы көптеген мәселелерді шешуге болады, сонымен қатар педагогикалық жаңа ойларды тауып, үнемі шығармашылықта болу болып табылады.
ӨТТШТ-ні жасап шығарушылар жаңа шығармашылық педагогика деңгейіне шығуға талпынады – тек жеке бөлек шешімдерді емес, принцип ойлап шығару, соны қолдану арқылы педагогтар балалармен бірге өмірдің қандай да болмасын ахуалын шешуге логикалық шешім табады, ал бала болса, сауатты және дұрыс өз мәселелерін шеше алады. Бірақ абсолюттік мәнде үлкендер және балалар мәселесі жоқ: олардың маңыздылығы – жас бағдарына қарай өмірге тікелей пропорционалды. Ойлау дағдысын алғаннан кейін, балалар проблемасы деңгейінде мәселені шешу принципімен жұмыс істегеннен соң, бала үлкен өмірге «қарулы» болып кіреді.
ӨТТШТ-і игеруде практикалық жұмыс сіздерге өз шығармашылық мүмкіндіктеріңізді белсендіруге көмектесті, жүйелі ойлауды түсінуге, ойды логикалық құрастыруды, оның заңдылығын: айналадағы шындықтың заттар мен құбылыстар қарама-қайшылығын айқындау Сіздердің оқу процестеріңізді қызықты қылатынына үміттенемін.
Жұмыс үрдісі барысында мен мынадай құралдарды қолданамын: пішіндес көзәйнек, ғажайып калейдоскоп, сиқырлы сандық, суреттер.
ӨТТШТ әдістерін пайдалану барысында, көптеген жақсы нәтижеге жетуге болады. Балалардың білімге деген құштарлығы артады, қиял-ғажайып ойлары, тіл байлықтары дамиды. Өз еріктерімен тығырықтан шығу жолдарын қарастырады. Білсем, үйренсем деген ынталары артып, білімділіктері дамиды.
«Өзім үйреніп, басқаны үйрету» бұл ӨТТШТ технологиясының ең маңызды ережесі. «Кез келген адам өз білімін кемеліне келтіре алмаса, басқа адамның білімін кемеліне келтіруге өз үлесін де қоса алмайды» деген Чарльз Диккенстің сөзімен аяқтаймын.
Құрметті әріптестер! ӨТТШТ технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, балалар әлемінің қиял-ғажайып қақпасын ашыңыздар!Өмірімізді өз қолымызбен, өз қиялымызбен жасай білейік.
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет