«әдіснама» ұғымына берген анықтамалары теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру және қалыптастыру қағидаттары мен тәсілдерінің жүйесі, танымның ғылыми әдісі туралы ілім, қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы Б



бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі26,62 Kb.
#197495
  1   2
Байланысты:
3 тапсырма


  1. «Әдіснама» энциклопедиядан анықтамалар жинақтау

«әдіснама» ұғымына берген анықтамалары




теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру және қалыптастыру қағидаттары мен тәсілдерінің жүйесі, танымның ғылыми әдісі туралы ілім, қандай да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы

  • Б.Құсбекова. Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (білім беру саласы).– Алматы:Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010. – 304 б.




1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құралжабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъекттің объектке біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысының теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектке, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді және зерттеу мәселелерін шешу үрдісіндегі алдағы әрекеттер туралы түсінікті қалыптастырады.

Психология: Энциклопедиялық сөздік / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 624 б.

з а т. т е р м. Ақиқат дүниені ғылыми тұрғыдан зерттеп тануда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйесі. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том / Құраст.: Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О. Нақысбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.

методология(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — і лш) — 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтар мен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан тандап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама— әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Ғылыми әдістің негізгі максаты — объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар, заддылықтар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен, қате болуы мүмкін емес, дегенмен, объектіні тану кезіңде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін: Әдіс пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар бір-бірімен қарама-карсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Әдіснама ғылыми-танымдық іс-әрекеттің формасы мен әдістері, әдістемелер бірлігі мен байланысынын теориялық негіздеулері туралы ілім. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне (объектіге, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді және зерттеу мәселелерін шешу үрдісіндегі алдағы әрекеттер туралы түсінікті қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет