Әдістеме Тақырыбы: Сабақ мақсаты



бет3/5
Дата03.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8722
1   2   3   4   5

Шегіргүл (лат.Viola tricolor) — фиалка туысына жататын шөпөсімдіктерінің бір түрі. Мұны кейде: «үштүсті гүл», «ағайынды гүл», «бақ фиалкасы» деп те түрліше атайды.

Шегіргүл тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде шала бұталар. Жер шарында негізінен қоңыржай аймақтарда кездесетін 500-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда, өзен жағаларында, орман арасында, жыраларда өсетін 31 түрі бар. Жиі кездесетіні — үш түсті шегіргүл (Viola tricolor). Оның биіктігі 10 — 15(25) см. Сабағы тік, аласа.

Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төм. жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары — жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді. Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 — 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғары күлтесіқанықкөк, қошқыл, екі жағындағылары — ашық көк, төменгілері — сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Жемісі — үшұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді.

Үшгүлді шегіргүл — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және витаминдер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында Шегіргүлдің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады. Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем. Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.



Шегіргүл – генерия тұқымдасына жатады. Отаны-Шығыс Африкадағы Узамбар мен Улугур таулары. Германияда және Россияда «узамбар фиалкасы», Англияда «африка фиалкасы» деп атайды, ал, сенполия-латьынша аты. Сенполия атауы осы гүлді бірінші болып тапқан Шығыс Африка губернаторы барон Вальтфер фон Сен-Полияның құрметіне орай шыққан. Табиғатта 20-ға жуық түрі бар. Олардың әдемілігіне қызығып түрлерін жинап, сұрыптау жұмыстарын жүздеген жылдар бойы жүргізіп келе жатқандықтан, қазіргі кезде оның мыңдаған түрлері бар. Түрлерінің көптігінен олардың қай сұрыпқа жататынын ажыратудың өзі қиын. Сондықтан шегіргүлдерді пішіні, түрі және түсіне байланысты топтастырып қарастыруға болады. Гүліне байланысты қарапайым, күрделі, гүлпарлы, шашақталған деп айыруға болады. Гүлінің түсі біркелкі ақ, күлгін, қызыл және түрлі- түсті болып келеді. Жапырағына байланысты түрлері әдетте доғал, дөңгеленген және жүрек пішіндес. Түсі біркелкі ашық және қою жасыл. Беті жылтыр, тегіс қатпарлы, және түкті болып келеді. Жапырағының жиегі тегіс, аратісті болып келетін түрлері бар. Шегіргүлдерді көлемдеріне байланысты да ажыратуға болады. Әдетте көп таралған гүлдің көлемі 20-40 см, одан үлкен 40-60 см-лік ірі түрлері және диаметрі 15 см, тіпті 6 см-лік кішкентайлары да болады. Сонымен қатар шегіргүлдердің төменге жайылып өсетін түрлері де бар.

Қоңыраугүл(Campanula) – бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
ТМД елдерінде 150-дей түрі белгілі. Қазақстанда, көбінесе, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында, Тобыл, Есіл алқабында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында өсетін 10 түрі бар. Ара тісті жапырағы кезектесіп орналасқан.
Тостағанша жапырақшалары 5 тісті түтік пішінді, жатынымен бірігіп кеткен. Гүлінің күлте жапырақшалары 5 қалақты, қоңырау тәрізді, ақ, көк, ақшыл көк түсті. Гүлдері сыпыртқы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі 3 – 5 ұялы, қақырап ашылатын қорапша. Айрықша маңызы бар түрі – рапунцел тәрізді қоңыраугүл (campanula rapunculoіdes). Оның биіктігі 30 – 100 сантиметр. Сабағы тік өседі. Жапырағы жұмыртқа не қандауыр пішінді. Көк, күлгін түсті гүлі бір-бірден қысқа гүл сағағында орналасқан. Шілде – тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.
Көпжылдықтар

Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизммен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

Қазтамақ – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, [[стафилакокк] бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Гацания (лат.Gazania rigens) – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Отаны – Оңтүстік Африка. 30-ға жуық біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы түрлері бар. Қазақстанда біржылдық түрлері өсіріледі. Биіктігі – 20-40 см аралығында. Сабақтары түкті, жапырақтарының төменгі жағы күміс түстес. Герберагүліне қатты ұқсайды. Гүлінің түсі ақ, қызыл, күрең, сары, қоңыр, аралас түсті түрлері болады. Диаметрі 8-12 см. Гацания күндіз ғана гүлдеп тұратын, яғни күн шыққан уақытта ашылып, күн батқанда жабылып қалатын, күн сүйгіш гүл.

Нарғызгүл, георгин (Dahlіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын баданалы, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкада өсетін 15 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Гүл шорығында будандастырылған (негізінен құбылмалы нарғызгүлден алынған) 8 мыңнан астам сорты пайдаланылады. Биіктігі 20 – 200 см-дей, тамыры жуан, түйнекті болады, сабағының іші қуыс. Қауырсынды жапырақтарының шеті тілімденген, олар сабаққа қарама-қарсы орналасады. Гүлдерінің түсі алуан түрлі, гүлшоғыры – себет (оның диам. 35 см-дей). Нарғызгүлдер – жарық пен жылу сүйгіш өсімдіктер, құнарлы топырақты қажет етеді. Нарғызгүлдерді тұқымынан өсіру, бадана ұяларын бөліп алу жолымен қалемшелерінен көбейтеді. Өсімдіктің гүлшоғыры ірі болу үшін отырғызар алдында 2 – 3 мықты өркенді қалдырып, әлсіз өркендерді кесіп тастайды. Қыста жақсы сақтау үшін баданаларын суық түскенге дейін қазып алады. Кептірілген баданаларды құрғақ, қараңғы қоймаларда (темп-расы 4 – 5С) сақтайды.

Цикламеннің Отаны Иран, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауы. 15-ке жуық түрі белгілі. Цикламен – көпжылдық тамыртүйнекті өсімдік. Түйнегі жуан, етті. Ұсақ көзшелерінен тамыр шығарып дамиды.Үй жағдайында персия және еуропа цикламендері өсіріледі. Персия цикламені қыста гүлдейтін гүлдер қатарына жатады. Еуропа цикламенінің персия цикламеніне қарағанда гүлдері майда, бірақ жұпар иісті, көктемнен күзге дейін гүлдейді. Сұрыптаудың нәтижесінде соңғы уақытта гүлдерінің түсі әр алуан. Персия цикламені гүлдеп болған соң, суғаруды азайтады, біраз уақыт шамасында жапырақтары сарғайып, сола бастайды. Гүлдеп болған соң өсімдікте демалыс кезеңі басталады. Жапырақтары солмай тұрып жұлып тастауға болмайды, жапырақтағы нәр қайтадан тамыртүйнегіне барады. Жапырағы солып болғаннан кейін, өсімдікті түбегімен салқын, қараңғы жерге қояды. Тек анда-санда топырағы құрғап кетпес үшін ғана дымқылдандырып тұрады. Жаздың ортасында жаңа топыраққа қайта отырғызып, жарық жерге қойып, суғарып, қоректендіруді бастайды. Қайта отырғызу кезінде түйнектің 1/3 бөлігі топырақтың бетіне шығып тұруы керек. Еуропа цикламені мәңгіжасыл, жапырақ түсірмейді, өйткені бұл өсімдікте демалу кезеңі болмайды.



Нәркес – бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропадан шығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.

Қашқаргүл тәрізділер (лат.Asteráceae), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер (лат.Compósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады какашка, какашка

Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.

Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.

Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.

Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) - сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.


Құрастырған:

Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:
Дәріс №8. БАДАНАЛЫ ӨСІМДІКТЕР


  1. Баданалы өсімдіктердің түрлері

Гиацинт (Hyacinthusorientalis) Ертеден өсімдіктер азық пен дәрілік шикізат ретінде ғана бағаланды. Навуходоносор патшасының бұйрығымен шөл далада салынған Семирамиданың аспалы бақтары ертеде әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналған. Бұрыннан Ежелгі Грецияда өзіміз жақсы білетін гиацинт өсімдігін өсіреді. Ол грек тілінен аударғанда «жаңбыр гүлі» деген мағынаны береді. Грек аңызы бойынша, Гиацинт Спарта патшасының ұлы болған. Ол өте сұлу болғандықтан онымен құдайлар да достасты. Оңтүстік желдің құдайы Зефир мен Аполлон құдайы гиацинтпен жиі күш пен ептілікке сайысты. Бір жолы Аполлон дискті бұлттардың дәл астына лақтырды, ал Зефир жеңілгісі келмей қатты үрледі, құлаған диск Гиацинтке ажалды жара әкелді. Қапаланған Аполлон спарта жігітінің қан тамшыларын таңдаулы гүлдер – гиацинттерге айналдырды. Бақшалы сары гүлдер ортағасырлық христиандардың пікірі бойынша Құдай ананың анна жүрегінің азаптарын бейнелейді. Алғашқыда сары гүлдерді Еуропадағы монастырлар мен сарайлардың жанында отырғызылған, кейін қарапайым қала тұрғындары да отырғыза бастады.

Гладиолус(Gladіolus), қамысгүл – құртқашаш тұқымдасына жататын көп жылдық түйнекті-баданалы өсімдік. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстаноблыстарында сәндік үшін өсіріледі. Қатпарлы және будан түрлері бар. Тік сабағының биіктігі 35 – 220 см. Таспа пішінді жапырақтары семсер тәрізді. Гүлі ақ, сары, қызыл, қызғылт түсті. Гладиолус негізінен түйнек баданасы арқылы көбейтіледі. Мамыр – шілдеайларында гүлдейді. Гүл шоғыры суда 14 – 15 күнге дейін солмайды. Гладиолус терең жыртылған (25 – 30 см) саздақ және құмдақ топырақты жерлерге егіледі. Гладиолус дұрыс өсуі үшін жарық, желден таса орын қажет. Күзгі суық түскенше түйнек-бадананы қазып алып, кептіреді де, ауасының ылғалдылығы 70%, температурасы 4–5С қоймада сақтайды.

Нарцисс (Narcіssus) – амараллис тұқымдасына жататын баданалы көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Жерорта теңізі аймағында өседі, 30-ға, кейбір мәліметтер бойынша 60-қа жуық түрі бар. Нарциссті ежелден әсемдік үшін өсіреді, оның қазір 12 мыңнан астам сорты белгілі. Баданасының сырты қоңыр қабыршақпен қапталған. Жапырағы таспа пішінді. Гүлі ақ, сары түсті, хош иісті, жеке-жеке немесе топтанып гүл сидамының ұшында жетіледі. Гүлшоғыры қоңырау не шатыр тәрізді. Жемісі – етті қауашақ. Нарцисстің гүлінен эфир майы алынады, баданасында алкалоид болады. Нарцисс – улы өсімдік. Қазақстанда қолдан өсіріледі. Баданаларын шамамен тереңд. 10 – 15 см шұңқыр қазып, күзде отырғызады. Отырғызылған соң 2-, 3-жылдары жақсы гүлдейді. Бұлардың баданасын жапырақтары түгел сарғайған кезде қазып алып, көлеңкелі жерде кептіріп, 16 – 18С температурада сақтайды.
Құрастырған:

Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:

Дәріс №9. АШЫҚ ГРУНТТЫҢ ДЕКОРАТИВТІ-ЖАПЫРАҚТЫ ӨСІМДІКТЕРІ


  1. БІР ҚАТАРЛЫЛАР ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ӨСІМДІКТЕР

  2. ТӨСЕНІШ-ӨРНЕКТІ ӨСІМДІКТЕР


БІР ҚАТАРЛЫЛАР ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ӨСІМДІКТЕР

Қамыс (Phragmіtes) – астықтұқымдасынажататынкөпжылдықшөптесінөсімдік. Қамыстыңжершарындакеңтаралған (тек Арктика мен Антарктидадакездеспейді) 7 түрі, Қазақстандагрунтсуларыжербетінежақынжатқаншалғынды, құмды, сортаңжерлердеөсетін 2 түрі бар. Еңжиікездесетінікәдімгі қамыснемесеқұрақ (Ph. communіs). Оныңбиіктігі 0,8 – 6 м. Тамырыжуан, жақсыжетілген, сабағытік. Көпгүлдімасақтарысыпыртқыгүлшоғырынатопталған. Негізінен, вегетативтіжолменкөбейеді. Шілдеденқыркүйеккедейінгүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтанөзендердіңсағасы мен көлдер, арықтардыңжағасындақалыңтоғайқұрыпөседі. Қамыссиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшінбағалыазық. Қамыстансебеттоқылады, құрылыстақолданылады, химиялықөңдеужолыменшайыр, метил спирті, сіркеқышқылы, қағазалынады. Соныменқатар қамысқалыңтоғайболыпөсіпкетсе, суармалыегістікдақылдарыназиян да келтіреді. Оныменкүресуүшінжердітереңдігі 30 см-дейқазып, тамырсабақтарынантазартыпотыруқажет.

Жүгері – дақылдардыңбірі. ЕуропалықтарОңтістікАмериканыашқанкезде «маис» депаталатын, осы күнгіжүгерідақылдарынкездестірген. ОныңалғашқыөкілінЕуропағаХристофор Колумбәкелген. БұлданасынХ.Колумбиспанкоролінесыйғатартады. Ал біздіңжүгерініңалғашорныққанжеріМолдавияболған. Дала ауылынакеңтаралуынаоның мол өнім, көкбалаусаны аса көпберуі де себепшіболды. Біржылдықастықтұқымдасжылылықтысүйетінөсімдік. Дара жынысты, бірүйліөсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулапөседі. Аталықгүлшоғыры – собық. Тамыржүйесі – шашақ, қосалқытамырларыболады. В,Едәрумендері, техникалық май, линолеум, желім, жасандыжібекалынады. Азот, фосфортыңайтқыштарықажет.


2ТӨСЕНІШТІ-ӨРНЕКТІ ӨСІМДІКТЕР

Төсенішті-өрнекті өсімдіктерге түрлі-түсті жапырақтары бар, биіктігі қысқа болатын өсімдіктер жатады. Олар гүлзарлар, гүлді оранменттерді, портреттерді әсемдеуге қолданылады. Өндірісіне қарай төмендегідей топтарға жіктейді:

1. Қарапайым төсенішті өсімдіктер. Қалемшелері булыжайға немесе пикирлейтін жәшіктерге отырғызылып, жас өсімдіктер алынады. (альтернантералылар, седум).

2. Күрделі төсенішті өсімдіктер. Қалемшелері 6-7 см-лік құмыраларға отырғызылады, топыраққа отырғызу тамырындағы топырағымен біргі отырғызылады (ахирантес, ирезине, гнафалиум, колеус, мезембриантемум, сантолина, семпервивум, фуксия).

3. Гүлдейтін төсенішті өсімдіктер. 9 см-лік құмыраларға отырғызылады. Отпуск производится из 9-сантиметровых (2 верш.) горшков. Гелиотроп, герань, сальвия.

Гнафалиум (Gnaphalium). Күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Қалемшелері арқылы топырақ температурасы жоғары және шынымен жабылған жағдайда көбейеді. Бүрку қажет, бірақ аса қатты емес, әйтпесе жапырақтары шіри бастайды. Бір бірден 9 сантиметрлік құмыраларға отырғызады. Тұрақты кесіп отыруды оңай өткізеді. Жерге жаймалап отыру қажет. Гнафалиум күңгірт жапырақты гүлдермен жақсы үйлеседі. Ең жақсы түрі — G. lаnatum кішентай жұмсақ жапырақтары бар.

Жалбыз (Mentha) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстандажалбызтуысының 10 түріөседі, соныңішіндедәрілікмақсаттабұрыштыжалбызқолданылады. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. СССР-де 20-дан астам түрі өседі. Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйражалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар.

Бетеге (Festuca) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Олардың гүлшоғыры селдір, кейде тығыз сыпыртқы гүлді. Масақ гүлі үш немесе көп гүлді болады. Сабағында жапырағы сирек орналасқан, ұзынша, жылтыр болып келеді. Қазақстанда 20 түрі бар, жиікездесетінтүрлерікәдімгібетеге, су бетегесі.

Кәдімгібетеге (Festucasulcata), биіктігі 30 — 60 см, сабағытегіс, кейдебұдырлауболады. Жапырақтарыжіңішке, жіпшетәрізді. Гүлшоғыры — қысыңқы не жаймашашақ. Масағы ұсақ, гүлқабыршағықысқа, қылтанақтыкеледі. Мамыр — маусымайларында гүлдейді. Кәдімгі бетегенің 100 кг пішенінде 50-ден астамазық өлшемі, 5 кг сіңімдіпротеинболады. Оны жылқы, қой, ешкісүйсініпжейді.

Су бетегесі (Festucapratensіs) — биіктігі 30 — 100 см, сиректүптіөсімдік. ЖабайытүрдеЕртіс, Есіл, Тобыл, Жайықөзендерініңшалғынды алқаптарында өседі. Гүлдегенгедейіноныңқұрамында протеин (17%), белок (15%), май (23%), клетчатка (8%) көпболады. Су бетегесі — суыққа, қуаңшылыққа төзімді, құнарлы мал азықтық шөп.

Құрастырған:

Оқытушы________________Есенгулова Н.Ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті


Бекітемін:

Агротехнология және орман ресурстары

кафедрасының меңгерушісі

Есенгулова Н.Ж._______________

«____»________________2014 ж.
Әдістеме

Тақырыбы:
Сабақ мақсаты:

Дәріс №10. АШЫҚ ГРУНТТЫҢ АСПАЛЫ ӨСІМДІКТЕРІ


  1. Біржылдық өсімдіктер

  2. Көпжылдық өсімдіктер


Біржылдық өсімдіктер

Көкшегүл (лат.Polemonіum) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Еуразияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың салқын және қоңыржай белдеулерінде тараған 50-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда орманды, ылғалды-шалғынды жерлерде, бұталар арасында және өзен жағалауларында өсетін 3 түрі: Кавказ көкшегүлі, көкшіл көкшегүлжәне әсем көкшегүл бар. Бұларға жататын өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын қалың жабысқақ түктер басқан. Өсімдік түрлеріне қарай сабағының түбіне жақын орналасқан жапырақтары қынапты әрі сабаққа қарама-қарсы орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сабаққа кезектесе орналасады. Көк, көгілдір түсті гүлдері сабақ ұшында жеке немесе 2 – 3-тен топталып сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Жеке гүлі бірікпеген 5 тостағаншадан, түбі ұзын түтікке айналып біріккен 5 күлтеден, 5 аталықтан, аузы 3 тілімді, жатыны 3 ұялы аналықтан құралған. Күлте түтігіне аталықтары орналасады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – 3 жақтаулы қауашақ. Тұқымдары піскенде жемісі жақтауының тігісінен (жігінен) қақырап ашылып тұқымдары жерге шашылады. Көкшегүлдің арасында құрамында сапонин, шайыр, органик. Қышқыл және эфир майы бар (көкшегүл) және әдемі гүлдері сәндік үшін өсірілетін түрлері (флокс, кобея) кездеседі.

Фигуралы асқабақ (Cucurbita leucantha longissima). Асқабақтылар тұқымдасына жатады. Ірі қалың жапырағы, сары гүлдері және өте пайдалы жемістері бар тез дамитын өсімдік.

Алдын ала өсіріп алынған тұқымдарды құмыраға наурызда себеді, топырағымен грунтқа қайта отырғызу мамырдың аяғы – маусымның басында. Жақсы даму үшін ат көңін қосады. Жақсы өсу үшін: жылу, жақсы топырақ, үнемі суару, сұйық тыңайтқыштарды қолдану керек. 4 м биіктікке жетеді.



Үрмебұршақ (Phaseolusmultiflorusи Ph. caracalla). Түрік бұршақтары. Көбелектілер тұқымдасына жатады. Шыдамды, қызыл-ақ түсті әдемі гүлдер. Тез өсумен ерекшеленеді, 4-6 м жетеді. Отырғызатын жер сәулелі, әгі бар топыарқта болуы керек. Суару режимі қалыпты.

Тұқымдарын құмыраларға сәуірдің ортасы – мамырдың басында отырғызады. Қылтима, террасса, пирамидаларды әсемдеу үшін қолданылады.


КӨПЖЫЛДЫҚ ӨСІМДІКТЕР

Шөптесін аспалы өсімдіктер

Бриония (Bryoniaalba и dioica). Асқабақтылар тұқымдасы. Жүрек тәрізді жапырақтары және көпжылдық тамыры бар. Грунтта қыстап қалады.

Тұқымдары арқылы көбейеді. Веранда, киоскілерді әсемдеуге қолданылады. Улы.



Калистегиа (Calystegiapubescens). Шырмауықтылар тұқымдасы. Қызғылтым гүледір бар тез өсетін өсімдік, ақ гүлдері бар түрлері де бар. Тамырсабақ арқылы көбейеді. Қорғанышсыз қыстайды. Қоршауларды әсемдеуге қолданылады.

Тладианта (Thladiantha). Асқабақтылар тұқымдасы. Сары гүлдері бар тез өсетін түйнекті өсімдік. Тез өседі, биіктігі 3 м жетеді. Түйнектері және тұқымдары арқылы көбейеді. Күн сәулесі түсуі қажет. Жабынсыз қыстайды. Қылтималарды әсемдеуге қолданылады.

Құлмақ (Humulus lupulus) – тұт тұқымдасына жататын шырмалып өсетін қос үйлі өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен ылғалды жерлерде өседі. Биіктігі 3 – 5 метр. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұшы үшкір. Гүлі сарғыш, жасыл түсті, аналығы – біреу, масақ пішіндес, 5 аталығы сыпыртқы тәрізді гүлшоғырында орналасқан. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі. Жемісі – жаңғақша. Құлмақ бүрінен сыра қайнатуға қажетті шикізат алынады. Оның құрамында 8 – 10% илік және жұпар иісті заттар бар. Медицинада, косметикада қолданылады. Құлмақтың жалбыз, шүйіншөп, т.б. өсімдіктермен бірге қайнатылған тұнбасын циститпенауырғанда ішеді. Сабағынан қап тоқитын және жіп есетін талшық алынады. Құлмақты техникалық дақыл ретінде де өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет