Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Оқу және тіл дамыту әдістемесін өз бетіңізше түсіндіріңіз



бет40/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

15. Оқу және тіл дамыту әдістемесін өз бетіңізше түсіндіріңіз.
Оқу және тіл дамытудың әдістері
Арнайы мектеп жұмысында оқу сабағы білім беру және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Оқу сабағының ең басты мақсаты – балалардың бойында дұрыс, тез, саналы және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және шығарма мәтінімен өздігінше жұмыс істеуге үйрету. Бірақ балаларды оқуға үйрету негізгі нысана емес. Мұнда олардың есею сондай – ақ адамгершілік тәрбиесі басты назарға алынады. Ең алдымен, оқу сабақтарында оқушылар туған табиғаттың әсемдігін сезініп, біздің республикамыздың өткені және қазіргісімен таныса алады. Шығарманың тәрбиелік әсер күші оның нақты көркемдігіне байланысты. Сондықтан да мұғалім балалардың жеке әсерлерін жан жақты ескеріп отыруы керек.
Оқу сабақтарының тәрбиелік және білімдік бағыттары бір бірімен тығыз байланысты. Сондықтан да бізге бұл мәселені тартымды байланыста қарастырып, біртұтас тәрбиелік білімдік процесте жүргізу – бірінші талап. Осы тұрғыда оқу сабақтарының тәлімдік тәрбиелік міндеттері тек қана мазмұндық жақты ғана емес, сонымен бірге әр түрлі әдістемелік жақты да қамтиды. Бұл – мұғалім оқушылардың тәлімдік қызметін басқарумен қатар, олардың жан жақты дамуына қол жеткізді деген сөз.
Бағдарламаларда белгіленген 2 – 4 сыныптардағы талаптардың орындалуы әдістемелік кеңес бекіткен оқулықтар және жеке – дара арнайы оқулықтар көлемінде жүргізіледі. Бұл оқулықтарда балаларға арналған қазақ әдебиетінің ең жақсы шығармалары, халық мұрасының үлгілері және ғылыми-танымдық мақалалар болуға тиіс. Барлық шығармалар тақырыптар бойынша топтастырылған, ал атаулары олардың танымдық-тәрбиелік мағынасын анықтайды. Мысалы, «Тату отбасы», «Жақсы деген немене, жаман деген нмене?», «Аналар мерекесі», «Табиғатты аялайық!», т.б. Бастауыш сыныптарға арналған мәтіндердің көпшілігі ертегі болады, кейін біртіндеп қиындай түседі. Жаңа білім мен тапсырмалар бағдарламаның талабына байланысты: «Оқу материалы – оқушының әр сыныпта бір сатыға жоғары көтеріліп, әр жаңа материал негізінде эстетикалық, білімдік, сезінушілік қатынастарды түсінуіне мүмкіндік жасайды». Көп шығармалардың мәтіндері көркемделген. Әр шығармада мәтінмен өз бетінше жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар бар. Тапсырмалар әр түрлі: оқып шыққанды түсіну, мағынасының дұрыс құрылуына көмектесу, мамұнын бейнелеумен байланыстыру, шығарманың ең негізгі ойын табу, өз ойын айту,т.б. Көптеген тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын толықтырып, белсенділігін арттыруға арналған. Оқулықтың бұл әдістемелік амалы мұғалімнің сабақты ұйымдастыру кезінде ақыл есінің дамуы жағынан артта қалған балаларға мәтінді талдауды үйретуі үшін маңызы зор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет