Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз



бет1/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж


  1. Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз

Әдістеме-мұғалімнің шығармашылық тұрғысынан жұмыс жасау бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеруге,оқыту жүйесін деңгейін мұқият бақылап зерттей отырып әдістеме ғылымның жаңалықтарынан хабардар болып отырады.Ғылым ретінде қ.т.о.ә дамуы тәжірибеде жинақталған фактылармен эскперименттік бақылау мен жұмысының деректеріне аса көңіл бөліп, талаптар қойылуында.Қазақ тілі біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттеледі. Мұның мектепке қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруіне жағдай жасады. Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру-қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады және оның әшқайсысы әдістемелік амал – тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.

  1. Қазақ тілін ұғынудың заңдылықтарын атаңыз.

Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым. Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.
Бірінші з а ң д ы л ы қ. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді.Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі жүргізілетін жұ мыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т. с. с.). Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатындығын айтып жүр.Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп, іске асырылады. Бұл қағида төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);
2) оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра
алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, граммати¬калық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді.
Т ө р т і н ш і заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады. Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады». Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын — дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі) — ұғыну барысында меңгеріледі. Тілді оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан белгілі бір тілді фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланады. Тіл материясына көңіл аудару қағидасы мұғалімге нақты жол көрсетеді. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер кұрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру қағидасы келіп шығады.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Қ.т.о.ә мақсаты- зерттейтін обьектісін жан-жақты танып білу,заңдылықтарын ашып айқындау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет