Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігін сипаттаңыз



бет4/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж
Презентация (19), 6-7 сор 3-четверть, Психология пәнінен практикалық сабақ , 1-15 апта семинар жинағы
Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігін сипаттаңыз.

  • Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін пайдалану жолдарын анықтаңыз.

    Бірінші сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін пайдалану жолдарын анықтаңыз.
    зейін- адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады.Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады. Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ әуен, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек.

    1. Талдау-жинақтау әдісінің жүргізілуін сипаттаңыз.

    Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
    Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
    Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:
    Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әріпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.
    Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбыс шығатынын аңғарады.
    Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» тонның суретін көрсетіп, «он» дейді де, «мен сөзді дұрыс айттым ба?» — деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. «Т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
    Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.
    Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, «қ» дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа таладатады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
    Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а»… деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?» — деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар,» — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
    Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпін қояды, «қора» деп оқиды .



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет