Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Қатені түзету жолдарын анықтаңыз



бет7/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

Қатені түзету жолдарын анықтаңыз.

Емле ережелерін есте сақтап, сауатты жазуға машықтандыру үшін, қателер бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу керек. Қате бойынша істелетін жұмыстардың түрлері: 1. Қате жібереген сөзді көшіртіп, қате жазылған әріптің, буынның астын сызғызу. 2. Қате жіберегн сөзді көшіртіп, сөзді дұрыс жазуға қатысы бар емле ережесін қайтала ту, ауызша айтқызу, оқулықтан қайталату. 3. Қатені түзетпей, тек астын сызып көрсетіп, оны оқушылардың өзіне жөндету, емле ережесін айтқызу. Қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса ждауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға мынадай талаптар қойылады: Біріншіден: жаттыға материалдары мазмұнды болуға тиіс: материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен мәтіндер ойдан шығарылған сөйлемнен құралмай, мүмкін болғанша, көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, үзінділер болуға тиіс. Қалайда олар балаға дұрыс тәрбие беру нысанасын бағдарлауы керек. Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап- балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруға көзделуі тиіс. Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер мен дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар жиі кездесетін болсын. Жаттыға материалдарын талдауда негізгі көз тігетінімз осы талап тұрғысынан болғамнмен, алдыңғыларсыз мұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды.

  1. Тіл дамыту жұмысының психологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерін ашыңыз.

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздерінің бірі лингвистика (тіл білімі) болып табылады. Соның ішінде, әсіресе, фонетиканың рөлі ерекше. Өйткені тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы, 2) пікір алысу құралы, 3) танымдық құрал, 4) ойлау құралы болмас еді.
Сауат ашу кезеңінде оқушылардың лингвистикалық түсініктерді білу талап етілмейтіні белгілі. Бұл кезде барлық назар балаларға дыбыстарды танытуды, оқуға және жазуға үйретіп, олардың ауызекі және жазу тілін дамытуға аударылады. Сондықтан бала «дыбыс», «әріп», «буын», «сөз тіркесі», «сөйлем», «мәтін» деген сияқты лингвистикалық ұғымдардың мәнін ұғынуға мәжбүр болады.
Бұл аталған тілдік единицалар туралы, алдымен, мұғалімнің толық мағлұматы болуы керек. Сөйлем туралы айтпас бұрын, сөйлеу туралы айқтан жөн.
Сауат ашуға дайындық кезеңінің негізгі міндеттері және осы кезеңде істелінетін жұмыстарды сипаттаңыз.
Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек ) оқу- тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым – қатынас шеңбері кеңейе түседі. Қарым – қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан қарым – қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды, тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: 1) басқа адамдармен араласу кезінде жетіледі, 2) психологиялық процестерді қайта қараудың негізі, 3) тіл – ойлау құралы. Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді: 1) баланың сөдік қорын молайту, 2) грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету, 3) байланыстырып сөйлеуге үйрету, 4) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет