Мазмұндама дегеніміз - блгілі бір шығарманың, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Мазмұндамамен шығарма жазуға қазақ тілі сабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді. Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатан мазмұндаманың мынадай түрлерін көрсетуге болады: 1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. 2. Сурет бойынша мазмнвдама. 3.Кино, диафильм бойынша мазмұндам.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды орынды қолдана бiлуге, жазбаша сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң синтаксистiк құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игi ықпал етедi. Мазмұндаманы жаздырмас бұрын мынаны ескергеніміз дұрыс:
• Мазмұндама мәтіні оқытудың білімдік, тәрбиелік міндеттеріне сай, мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
• оқушыларға ұсынылатын мәтіндер мазмұнында олардың күнбе-күн араласып, көріп-біліп жүрген етене таныс зат, құбылыс, оқиға және іс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселіп кетеді.
• Мазмұндамаға қажет мәтінге әдебиет бағдарламасында көрсетілген көркем шығармалар да, бағдарламадан тыс текстер де алынады.
Шығарма жұмыстары және оның түрлерін атаңыз.
Шығарма дегеніміз - оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмысының бірі. Тіл пәндерінен шығарма жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындайды
Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:
1) Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
2) Топсеруен бойынша;
3) Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері т.б.) байланысты;
4) Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар.