Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Кеспе таратпаларды пайдаланудың тиімді жолдарын атаңыз



бет16/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

Кеспе таратпаларды пайдаланудың тиімді жолдарын атаңыз.

  • Сауат ашу кезінде балалардың тілі мен ойын дамыту жұмысының міндеттерін сипаттаңыз.

    Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды. Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн. Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажст. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
    Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, бел­гілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
    I сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.

    1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарын анықтаңыз.

    I сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әнгімелескенде олар сөйлеммсн сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін граммати­ка сабақтарында нақтылана түседі.
    Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет — балаларды ауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
    Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.
    Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.
    Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мульт­фильм немесе балалардың ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
    Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц).
    Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т. б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка, жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.
    Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. (Мысалы, шаш, шана сөздерінен »ш» дыбысын бөліп көрсеткенде т. б.). Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
    Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет