Әрбір тілдің дыбыстары мен әріптерін жақсы білу, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін ажырату- тілді игерудің негізгі жолы. Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыс дыбыстау(сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің қызметін түсіндіргенде оқулықпен қатар І.Кеңесбаев (Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. 1975.) пен Ш.Сарыбаевтың (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956.) еңбектерінде айтылатын көп жағдайларды ескере отырып, оқушыға нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет.
Жазуда дыбыстың орнына қолданылатын шартты таңбаны әріп дейміз. Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбыс- табиғи құбылыс, әріп- жасанды нәрсе. Әріптің таңбасы ыңғайсыз болса, оны қолдануға ыңғайлы таңбамен өзгерте аламыз. Мысалы, қазақ тіліндегі дауысты- ұ әрпін 1951 жылдың 15 тамызына дейін у әрпімен таңбалап келдік.
Дауысты, дауыссыз дыбыс пен емлесін оқытудың байланысын орнатыңыз.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.
Дауысты дыбыс- айтылу кезінде ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.
Емле ережесін түсіндіруде мүмкіндігінше оқушыларды мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру керек . Ол үшін мұғалім, мысалдар мен көрнекі құралдар дайындап, қорытынды шығару үшін оқушыларға қоятын сұрақтарды әзірлеп келуге тиіс. Бір грамматикалық құрам төңірегінде сөздерді фонетикалық және графикалық ерекшеліктеріне қарай екшелуі тиіс. Мысалы: тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанғанмен, түбірдің өзгервмейтіні өтіледі, содан кеі\йін түбірдің соңындағы қ,к,п дыбыстарының ғ,г,б болып өзгеріп айтылып, өзгеріп жазылатыны түсіндіріледі. Оқушыларға емле ережесін есте сақтауға мынадай жаттығулар ұйымдастыруға болады. 1. Өтілген емле ережесіне қатысты, обьектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сұрау. 2. Берілген сөйлем ішінен жаңа өтілген емле обьектілерін тауып, жазылу ережесін түсіндіру, тексті көшірту. Оқушылардымң өздеріне өтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу. Емлені меңгерту бірнеше кезеңнен тұрады: Бірінші кезең – емле ережесін тану, білу. Екінші кезең – емле ережсін жазу кезінде пайдаланып, жаттығу. Үшінші кезең – емле ережесін пайдалануда еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты түрде пайдаланатын ету.