Сауат ашудың дайындық кезеңін түсіндіріңіз.
Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек ) оқу- тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым – қатынас шеңбері кеңейе түседі. Қарым – қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан қарым – қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды, тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: 1) басқа адамдармен араласу кезінде жетіледі, 2) психологиялық процестерді қайта қараудың негізі, 3) тіл – ойлау құралы. Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді: 1) баланың сөдік қорын молайту, 2) грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету, 3) байланыстырып сөйлеуге үйрету, 4) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.әліппеге дейінгі кезеңде баланың тілін дамытуға оқулықтағы тақырыптық сюжетті иллюстративті жеке суреттердің атауларын білу, сол сөздердің мағынасын түсіну арқылы сөдік қоры байиды, ал тақырп бойынша көргендерін жетекші сұрақтар арқылы әңгімелеу, құралған сөйлемдердің мағынасы сол тақырпқа сай болуы керек, құрылымы үйлесімді болуы керек. Ондағы сөөздердің өзара байланысының үйлесуі әр баланың қабылдау қабілетіне, алған әсеріне байланысты. Көбіне тілден ой жүйрік болғандықтан, ойға тіл ілесе алмайды. Бұл мүмкін сөдік қордың жеткіліксіз болуынан, ойын жеткілікті түсінікті тілмен, оқиғаға ене отырып, көңіл–күй ырқына жеткізе мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы коммуникативтік әрекет үстінде ұстамдылық кезеңінде басталады. Бала сөйлеуінің мынадай типтері осы даярлық кезеңінде жүзеге асады. 1) ситуациялық сөйлеу (жағдайаттық сөйлеу) 2) диалогтық сөйлеу (сұхбаттық) 3) сызбаға сәйкес сөз ойлап таптырту. 4) сол сөзге ұқсас сөз таптырту. 5) сөзге мағынасы қарама–қарсы сөз таптырту. 6) түбірге сөздер ойлап таптырту. 7) берілген бір сұраққа бірнеше сөзбен жауап қайтаратындай жағдай туғызу. 8) сөздің тобын жалпылама сөзбен айта білуге үйрету. 9) жалпы атауға кіретін сөздер. 10) сөздің жекеше, көпше мағынасын білдіретін сөздерді таптырту. 11) заттың түрін, түсін, пішінін, сапасын таптырту. 12) заттың санын, ретін білдіретін сөздерді таптырту. бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т.с.с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі – балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой. айланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. 1 сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі – үш сөздерден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі. Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мультфилм немесе балалардың ойыны, сондай – ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді. Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. 1 сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды. (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц)
Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыста, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өрнектердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |