Орфографияны үйрету әдістемесін іріктеп және оқу үдерісіне пайдаланыңыз.
Орфографияны оқыту әдістемесі. Орфографиялық дағдынының табиғаты жөнінде. Орфографиялық ережелермен жұмыс ұйымдастыру. Орфографиялық жаттығулар. Жаттығуды жүйелі жүргізу - сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарты. Орфографиялық дағды қалыптастырудың әдістемлік жағдайлары. Оқушылардың орфографиялық қателері, оларды болдырмау және түзету жолдары. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу тәсілдері: көшіру, грамматикалық-орфографиялық талдау, диктанттар, мазмұндама мен шығарма. Сөздікпен жұмыс жасаудың маңызы. Бұл жұмыстың фонетика, лексика, грамматика жаттығуларымен байланысы. Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін қазіргі сабақ. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қодану жолдары, дидактикалық ойындар, қызықты жаттығулар. Қазақ тілінен оқушылардың білімін, білігін және дағдысын тексеру. Бақылау жұмыстары, оларды жүргізу әдістемесі. Тест. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын бағалау.
Орфография (грек, orfos — дұрыс, cjrapho — жазамын) - жазба тілде пайдаланылатын жазудың тарихи қалыптаскан жүйесі,біркелкі жазуды камтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зертгейтін тіл білімінің саласы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы курсы барысында студентгерді қазақ орфографиясының негізгі мәселелерімен таныстыру, орфографиялық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру мыңызды мәселе болып саналады. Орфографиялық принцип (лат. principium - негіз, бастау) - бір сөз екі түрлі не одан көп түрде жазылатын жагдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Қазақ тілінің орфографиясы үш принципке негізделеді: 1. Морфологиялық принцип 2. Фонетикалық принцип 3. Дәстүрлі (тарихи) принцип. Морфологиялық принцип сөздің морфологиялық қүрамын ескеріп, морфемалар (сөз жэне қосымша) қүрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда түрде айтылатын сезформаларға ортақ түбір - жан, сондықтан: жан, жанбады, жанганда деп жазылады. Ал: жаз, жазса, жазшы, айтуда: жаз, жасса, жашшы, алайда түбір (жаз) сакхалып жазылады. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындағыдай жазылады, яғни эрбір эріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда: жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуыктайды. Дәстүрлі принцип сездің бір кезде жазылып қалыптасқан дэстүрге айналган түрін сактап жазу. Бұган казақ тіліндегі: хат, хабар, халық, қаһар, жаһан сияқты сәздерде х, н әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлі принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін. Қазақ орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип.
Достарыңызбен бөлісу: |