Дайындығы әр түрлі балалармен жүргізілетін жұмыстарды анықтаңыз.
Баланың белсенділігі, өздігімен жұмыс жасай білуі, өз қатарластарымен және ересектермен ойлау деңгейі жағынан тіл табыса білу. Оқушылық бағытының қалыптасқандығы туралы мәліметтерді мұғалімге психолог береді.
Мектепке бару – бала өміріндегі үлкен жаналық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынғакөшу және қсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.
Оқу іс-әрекетіндегі , тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мұмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай, еркін іс-әрекеттер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы п Мектепке келу кезеңі:
Мінез құлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі.
Әрекетке іштей талдау
Нақтылыққа жаңатанымдық қатынасының дамуы
Қарым-қатынастың жаңа сапалық кезеңіне өту болып табылады.
Физиологиялық дайындық.
Бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деігейімен анықталады. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтаукезінде денсаулық жағдайы юасты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызуғушылығы басым болғаны мен денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін.
Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамуымен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын екінші балаға 7 жас болса да, оған мектепбағдарламасы ауыр тиеді.
Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілілуінің деңгейі анықталды (жоғарғы, орташа, төмен, өте төмен). Баланың ақыл-ойының дамуының диагностикасын жүргізу және де қажетті оқу іс-әрекетінің дағдыларын оқып танысу келесі мақсаттарға жетудің жолы.
Біріншіден, сол жастағы баланың дамуына лайықты мөлшерден бірнеше деңгейін анықтау үшін қажет. Егер бала осы нормаларға сай болса, онда бәрі де дұрыс. Ал егер көмек қажет болатын болса, ол проблеманы сол мезетте қараусыз қалдырса, кейіннен оны шешу өте қиынға соғады.
Екіншіден диагностика баланың жеке даму қабілеттілігінің ерекшеліктерін білу үшін қажет. Олардың қабілеттілігінің дамуы кей тұста жақсы, ал кейде онша емес болуы мүмкін. Баланың жеке қабілеттілігінің дамуының жеткіліксіз болуының маңызды себебі мектептегі оқу процесінде қиналуында. Ертерек анықталған «әлсіз тұстарын» түзету қажет. Мысалы, арнайы маманның көмегімен қабілеттілікті дамытуға арналған қажетті ойындарды, жаттығуларды іріктеп алу қажет.
Үшіншіден, диагностика мектепке дейінгі мекемелердің баланың дамуын қадағалаған әдіс-тәсілдердің нәтижесін бағалау үшін және мектепке мұғалімдердің оны әрі қарай қолдануы үшін қажет. Мысалы, мектеп психологі баланы оқу жылының басында және аяғында тексеруі мүмкін. Алынған салыстырмалы қорытынды бойынша бірулерде өзгерістің болғанын және тіпті болмағанын көрсетеді.
Төртіншіден, оқудың әр түрлі кезеңдерінде кездесетін тексеруге дайындалу үшін балаларды тестердің әр түрлі формаларын міндетті түрде лдын-ала таныстыру қажет. Диагностика жүргізу кезінде балаға қолайлы жағдай жасау өте қажет. Диагностика жүргізу мекпепке дейінгі баланың жанұясы үшін өз баласының жетістіктеріне қол жеткізу, сәтсіздіктерді және оны түзетудің жолдарын білу үшін керек. Осы жағдайда диагностика мұғалімге баланы оқытуда бар қырынан білу үшін қажет.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.
• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Мектепалды жастағы балаларды бейімдеп, мектеп жағдайларында жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың жан-жақты дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп, ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс. Осындай әдістемелік принциптен психодиагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады. Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет. Психодиагностика педагогикалық процестермен тығыз байланыста болып, психодиагностикалық сараптама негізінде құрылатын 5-6 жастағы балалар дамуының педагогикалық дамуын қарастыруда жауапкершілікті болады.
Психологиялық-педагогикалық диагностика – жеке баланың немесе топтың педагогикалық-психологиялық даму күйін немесе деңгейін, қасиеттерін, мектептегі оқуға бейімделуін, мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау. Ол теорияны, әдіснаманы және әдістемені қарастырумен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың обьекісі ретінде балалардың түйсінуімен басталып және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге, қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық процестерге дейін мүмкін болады.
Мектепалды жастағы балаларға білім беруде диагностикалық әдістер арқылы, олардың:
1. Дүниетанымдық түсініктерін анықтау.
2. Тапсырманы ауызша орындауын тексеру.
3. Балалардың заттарды тану ептілігін анықтау.
4. Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып орнатуға
бейімделуін қалыптастырады.
Балалардың диагностикалық міндетін, алдын-ала өтілген материалдарды меңгеру деңгейін, мүмкіншілігінше жеке түрде анықтау қажет. Бұл жағдай баланы мектептегі жағдайларға қалыптасуының жандануын қамтамасыз етеді және осының негізінде жаңа материалдарды меңгеру үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Жаңа материалдарды меңгерудің тиімділігі осындай базистердің қаншалықты негізделіп құралатындығына байланысты.
Мектепалды оқуға бейімделгенін анықтайтын психодиагностикалық әдістеменің сенімділік дәрежесі үш жағдайға: әдіс обьективтігіне, тест міндеттерінің біртектілігіне және балалардың өлшенетін қасиеттерінің тұрақтылығына байланысты. Сондықтан, сенімділікті тексерудің дәстүрлі тәжірибесі қажет болмаса да, ол өз кезегінде, оның анықтауының жаңа модельдерін қалыптастыру қажеттілігін тудырады.
Диагностика негізінде балалардың дамуын, мектепке жетілу жағдайларын талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттерінің жүйелі даму жолы және деңгейі жайлы нәтижелер жасауға болады. «Сауат ашу» пәні – мектепалды даярлық балаларына ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгішік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. Сауат ашу және жазу негіздері : мектепалды даярлық балаларын оқу іс-әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындауға; мектепалды даярлық балаларының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыруға; сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыруға; оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіруге; оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамытуға; қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Мектеп алды жасындағы балаларда интеллектуалдық операцияларының қалыптасуында баланың алмасу көзқарасының ролін анықтады және сынып құрамындағы оқыту барысындағы қатынас жүйесінің әлеуметтік құрамында болды. Мектепке дейінгі балалар ойлауының дамуы үшін бұл тәсіл ең қолайлы тәсіл болып табылады.