Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызын анықтаңыз
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруден және оларды дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа, алынады:
Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті; 2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі дағдыландырады; 3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, совет адамына қажетті моралъдық қасиеттер, адамгершілік мінез – құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.
Бастауыш сыныптарға арналған “Сауат ащу”, “Қазақ тілі”, “Әдебиеттік оқуі”, оқулықтарының мазмұнымен танысу және олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Әліппе оқулығы - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық. “Әліппе” оқулығы Ш.Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р.Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А. Құлжановалар жазып, 1997 жылы “Атамұра” корпорациясынан басылып шықты. “Әліппеде” психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады. “Әліппені” оқыту мынадай кезеңдерден тұрады. 1-кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат. 2-кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат. Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшеліктеріне қарай орналасқан. Ана тілі оқулығы – 1-сынып «Ана тілі» - интеграциялық оқулық. Оқулықта оқу материалдардың мазмұны маусымдық-тақырыптық принципке құрылған. Жалпы сағат саны 126, аптасына 7 сағаттан оқытылады. Оқу-жазу – тіл дамыту жұмыстарын өзара байланыстыра күнбе-күн ретіне қарай орнын ауыстыра отырып жүргізу қажет. Оқулықтағы ақын-жазушылардың туындылары соңғы талаптарға сәйкес, педагогика- психология және әдістемелік ғылымдардың соңғы жетістіктеріне қарай іріктелген. Оқулықты негізінен 3 топқа бөліп қарастырамыз, тақырыптары мынадай; 1. «Біздің Отанымыз» 2. «Адам және табиғат» 3. « Отбасы және балалар» 2-сынып «Ана тілі» 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 2- сыныптқа арналған оқулыққа іріктеліп алынған материалдар негізінен халық ауыз әдебиеті үлгілері, көрнекті ақын- жазушыларымыздың шығармалары мен үзінділері, сонымен бірге танымдық маңызы жоғары кейбір ғылыми очерктер мен үзінділер, мақалалар болып табылады. Оқулыққа енген материалдар құрылымы жағынан тақырыптық принципке сәйкес орналастырылған. 3-сынып «Ана тілінен» 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. Әр бөлім сайын сұрақтар мен тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар берілген. Әңгімелер 400-500 сөзден тұрады. Әңгіменің соңында жоспар берілген. Тарих, ауыз әдебиеті, халық педагогикасымен тәлім-тәрбие, адамгершілік, табиғат атақты адамдар туралыәңгімелер «Абай жолынан» үзінділер бар. Сөздік жұмыстары да қамтылған Жыл аяғында 7-8 мыңдай сөзді меңгеріп, 10-15 өлең жаттау талап етіледі. 4-сынып «Ана тілінен» 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 4-сынып оқулығының материалдар көлемі жағынан күрделірек. Жоғары сыныпта әдебиеттік оқу курсына үлкен дайындық жасалады.
2–сынып қазақ тілі оқулықтарының мазмұны мен құрылымы. Еліміз егеменді мемлекет болып танылғаннан бері мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру оқушыларлың ана тілінде сөйлеп өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады. Соған орай «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамалары» жасалып, білім берудің ұлттық – этнопсихологиялық мәселелері зерттелуде. Қазіргі заман талабына лайық жаңа бағдарламалар әзірленіп, соның алғашқы нәтижесі – бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың жарық көруі. Солардың бірі – 2 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы. «Қазақ тілі» (2- сынып) бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда мүлде жаңа. Оның жаңалығы – біріншіден, бағдарлама талабына орай оқулықта материалдардың орналасу тәртібі өзгерді. Екінішіден, тілден берілетін пәндік білім мазмұны жаңартылып, толықтырылды. Ең бастысы, тілді қоғамдағы қарым-қатынас жасау құралы, қоршаған ортаны танып – білу құралы ретінде үйрету көзделді. Бұрын балалардың орфографиялық білім дағдысын қалыптастыру, грамматикалық ұғымдарды меңгертуге байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді осының бәрі де мақсатқа– оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларына бағындырылады. Үшіншіден, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жұмсай білу дағдысын қалыптастыруға айрықша назар аударылады. Басқаша айтқанда, «Сөз» тарауы жаңа мазмұнда оқушыларды алғашқы лексикалық ұғымдармен таныстыру мақсатында қарастырылады. Сөз мағынасына қатысты жүргізілетін жұмыс оқулықтың ол бойында үздіксіз беріліп отырды. Төртіншіден, байланыстырып сөйлеуді дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған «Мәтін» тарауы оқулыққа жаңадан қосылды. Мәтінмен жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі бола отырып, өтілген тілдік объектінің лексикалық және грамматикалық жақтарын тереңірек түсіндіріп , талдай, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын аңғартуға мүмкіндік береді. Оқулықтың құрылымы мынадай: 1-сыныпта өтілген білім негіздері еске түсіріліп, жаңғыртылғаннан кейін, 2-сыныпта оқытылатын «Тіл және сөйлеу» тақырыбы басталады. Одан әрі «Дыбыс пен әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның құрамы», «Сөз таптары» тараулары бағдарламада көрсетілген ретпен орналасқан. Ең соңында «Жыл бойы өткенді қайталау» тақырыбы берілген. Жалпы білім беретін бастауыш сатысындағы оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу бойынша білім мазмұны «Қазақ тілі пәнінің білім стандартында (1998ж) бірге қарастырылып келген. Шын мәнінде, сауат ашу бастауыш сатыда білім негізін қалайтын, өзіндік мақсаттары мен міндеті, зерттеу объектілері, білім мазмұны бар пән. Сондықтан да «Сауат ашу» пәніне ерекше мән беріліп, пәннің «Базистік оқу жоспарындағы» орны белгіленіп, жылдық және апталық оқу жүктемесі көрсетіліп, базалық білім мазмұны айқындалып, дербес «Сауат ашу» пәнінің білім стандартының жасалуы бірден бір дұрыс шешім болды. «Сауат ашу» пәнінің білім стандарты жалпы білім берудің мемлекеттік стандартының ережелері мен талаптарына сәйкес, 9-бөлім бойынша рәсімделеді. 1- бөлімде «Сауат ашу» пәнінің білім стандартын қолдану саласы көрсетілді. 2-3 бөлімдерде нормативтік сілтемелер, анықтамалар мен қысқартулар берліді. «Жалпы ережелер» деп аталатын 4-бөлімде. «Сауат ашу пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту» деп айқындалады. Ал оқытудың басты міндеттері былайша қойылды: әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері – оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету. әліппе кезеңінің міндеттері – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланысытырып сөйлеу тілін дамыту. Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері – оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. Стандарттың 5-бөлімінде пәннің оқу бағдарламасының негізі берілді. 6-бөлімде «Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі белгіленді, яғни оқу жылында барлығы 238 сағат, аптасына 7 сағаттан оқытылатыны, 1 -жарты жылдықта – 112 сағат, 2-жарты жылдықта – 126 сағат бөлінетіні көрсетілді. Сондай–ақ «Сауат ашу» пәні интеграцияланған мазмұндағы (оқу мен жазу интеграцияланған – «Әліппе» оқулығы; тілдік және оқу материалдары интеграцияланған – «Ана тілі» оқулығы) оқулықтары арқылы жүзеге асырылатыны айтылған. 7-бөлімде «Сауат ашу» пәнінің базалық білім мазмұны сауат ашу кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай айқындалып, оған мынадай анықтама берілді: «Сауат ашу» пәнінің базалық білім мазмұны дегеніміз- үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен білім беру деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті, оқылуы міндетті болып табылатын оқу пәнінің құрамы мен құрылымының тізбесі» Осыған сәйкес сауат ашудың базалық білім мазмұны бойынша әр кезең бойынша төмендегідей айқындалады: әліппеге дейінгі кезеңде – негізгі тілдік ұғымдар (сөйлем, сөз, буын, дыбыс) туралы түсінік беру; - әліппе кезеңінде – оқу және жазу, тіл дамытуға қатысты тілдің препцевтикалық қызметі; - әліппеден кейінгі кезеңде – оқу; - алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту. Сондай–ақ стандарттың 8-бөлімінде «Оқушылар дайындығының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар» базалық білім мазмұнына сәйкес әр кезең бойынша білімі мен біліктілігіне қатысты белгіленеді. Ал оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне жетуін тексеру сауат ашу кезеңдеріне лайықталған оқу және жазуға қойылатын талаптар, ауызша сұрау, диктант жұмыстары арқылы жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Онда оқу бойынша дұрыс оқу, саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу талаптары қойылады. Оқу қарқыны белгіленді: 1 -жартыжылдықта минутына – 15-20 сөз және белгілер; 2- жартыжылдықта минутына 20-25 сөз және белгілер. Мұнда оқу қарқынының көрсеткіштері балдық бағаларды анықтауда бағдар бола алмайтыны, 1 –жартыжылдықтың соңында дұрыс оқу, саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу бойынша минутына 15 сөз және белгілер оқу жылдамдығы стандарт талаптары деп есептеліп, ең жоғарғы балмен бағаланатына ескертілген. Сондай–ақ 1 -сынып оқушыларының оқу қарқынын тексеру жекелей жүргізіледі немесе сыртқы адамдардың тарапынан психикалық кері әсердің болмауын ойластырып, сол сыныптың мұғалімі күнделікті сабақ барысында жүзеге асырады» деп айтылған. Сауат ашудың әр кезеңіндегі негізгі тексеру жұмыстары аталды. әліппеге дейінгі кезеңде - ауызша сұрау. Әліппе кезеңінде – диктант (әріп диктанты, буын диктанты, сөздік диктант); ауызша сұрау. Әліппеден кейінгі кезеңде – диктант (сөздік диканты, есту диктанты, көру диктанты, 15-18 сөзден тұратын бақылау диктанты); ауызша сұрау, тестілеу. 1 -жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тексеру жұмытарының үлгілері берілді.
Әдебиеттік оқу?